Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі


Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімімен құрылды (2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө өкімімен қайта құрылды) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ТДМ) қол жеткізу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.

Кеңес құрамына Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының, агенттіктердің және келісім бойынша өзге де органдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңесті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Ұлттық экономика министрі басқарады. Кеңес қызметіне сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылығы қамтамасыз етеді.

Қазір Кеңестің 9 отырысы өткізіліп, ТДМ ұлттық индикаторларын іске асыру және өзектендіру, ТДМ-ды өңірлік деңгейде іске асыру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, Ерікті ұлттық шолуларды дайындау, сондай-ақ халықаралық институттармен және ұйымдармен әріптестікті дамыту мәселелері қаралды.

Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша ТДМ іске асырудың тиімділігін арттыруға, институционалдық тетіктерді жетілдіруге және қабылданатын басқарушылық шешімдерді талдамалық сүйемелдеуді күшейтуге бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.



Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы (2018)
Көлемі: 58.91 КБ

Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы (2022)
Көлемі: 55.01 КБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!