Парламенттік комиссияның құрылуы Үкіметтің атқарушылық функцияларын Парламент тарапынан жүйелі мониторингпен нығайта отырып, Қазақстанда ТДМ басқарылуының институционалдық архитектурасын аяқтады.
Комиссияның негізгі міндеттері елдегі Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерге енгізілген салаларды талдау және Үкіметке тиісті ұсынымдар әзірлеу арқылы оларды имплементациялауға жәрдемдесу болып табылады.
Парламенттік комиссия Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депутаттары қатарынан құрылды, қазіргі уақытта оның құрамында 16 депутат бар.
Құрылған сәттен бастап Комиссияның тоғыз отырысы өткізілді, онда денсаулық сақтау және білім беру (3 және 4 ТДМ), таза ауа (11 және 12 ТДМ), балама энергетика және жасыл технологиялар (7 ТДМ), су ресурстарын ұтымды пайдалану және санитария (6 ТДМ), бизнес-ортада ESG-қағидаттарын енгізу (экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәжірибелер саласындағы бірқатар ТДМ-ды қамтиды), гендерлік теңдікті дамыту (5 ТДМ), биоалуантүрлілікті сақтау және құрлық экожүйелерін ұтымды пайдалану (15 ТДМ) мәселелері қаралды.
Парламенттік комиссияның көшпелі отырысы аясында Шығыс Қазақстан облысында ауаның ластануына қарсы күрес, Түркістан облысында су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі қаралды.
Өңір елдерінен депутаттардың қатысуымен Орталық Азияның тұрақты дамуындағы өкілді билік органдарының рөлі мәселелері жөніндегі Парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысы ұйымдастырылды.
Комиссияның жұмысы Қазақстанның тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттарының іске асырылуына елеулі үлес қосады.
Комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты ұсынымдар әзірленіп, жіберілді.
ТДМ мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия Үкіметке тұрақты дамудың ұлттық индикаторларын ұлттық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына интеграциялауды қамтамасыз етуді ұсынды.
Алдағы кезеңде Алматы қаласында құрылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығымен бірлескен жұмыс құрылатын болады.
Қарау саны: 91
Сақталған: 06.01.2026
|