Жергілікті атқарушы және өкілді органдар


Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) өңірлік деңгейде Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) оқшаулау мен практикалық іске асыруда түйінді рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдістемелік ұсынымдарына сәйкес (ҚР ҰЭМ 2024 жылғы 2 қазандағы № 236 бұйрығы), ЖАО өңірлердің әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескере отырып, 2030 жылғы күн тәртібін енгізу үшін институционалдық, ұйымдастырушылық және басқарушылық жағдайларды қамтамасыз етеді.

Тұрақты даму жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында ЖАО тұрақты даму жөніндегі өңірлік жұмыс топтарын, ал қажет болған жағдайда секторлық және аумақтық (бастамашыл) жұмыс топтарын қалыптастырады. Осы тетіктер арқылы орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, жергілікті деңгейде ТДМ ұлттық міндеттері мен индикаторларын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін шоғырландыру қамтамасыз етіледі.

Тұрақты даму жөніндегі өңірлік жұмыс топтары облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі құрылымдық бөлімшелер басшыларының, аумақтық департаменттер басшыларының, талдау орталықтарын, қаржы құрылымдарын, консалтингтік және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, бизнес және ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қалыптастырылады. Жұмыс топтарының жұмысына үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, жастар бірлестіктері, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ белсенді азаматтық позициясы бар азаматтар және өзге де мүдделі тұлғалар қатысады.

Өңірлік жұмыс топтарының дербес құрамын және олардың санын ЖАО айқындайды. Өңірдің әкімі тұрақты даму жөніндегі өңірлік жұмыс тобының төрағасы болып табылады, жұмыс тобының қызметін үйлестіру функцияларын өңірлердің экономика басқармалары жүзеге асырады. Өңірлік жұмыс топтарының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

ЖАО қызметінің маңызды бағыты ТДМ міндеттері мен индикаторларын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өңірлік құжаттарына бейімдеу және интеграциялау болып табылады. Бұл ретте тұрақты дамудың басымдықтары халықтың қажеттіліктерін, өңірлік ерекшеліктерін және «Ешкімді артта қалдырмау» қағидатын ескере отырып айқындалады. Қажет болған жағдайда тұрақты даму индикаторларының нысаналы мәндеріне қол жеткізуге бағытталған жол карталары мен іс-шаралар жоспарлары әзірленеді.

ЖАО сонымен қатар өңірлік деңгейде ТДМ іске асыру мониторингін ұйымдастыруға жауапты. Мониторинг ресми статистикалық және әкімшілік деректер негізінде жүзеге асырылады және ТДМ индикаторларының бағдарламалық құжаттарға интеграциялану дәрежесін бағалауды қамтиды. Есепті жылдың қорытындысы бойынша ЖАО кейіннен ТДМ жөніндегі үйлестіру кеңесінің Жұмыс органына жалпыланған ақпаратты бере отырып, өңірлік жұмыс тобына есептер дайындайды және ұсынады, сондай-ақ Ерікті ұлттық және жергілікті шолуларды дайындауға қатысады.

Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыруға саяси және институционалдық қолдауды қамтамасыз етеді. Олар Өңірлік жұмыс топтарының қызметіне қатысады, өз құзыреті шеңберінде тұрақты даму мәселелерін қарайды және өңірлік бағдарламалар мен бюджеттік шешімдерді талқылау және бекіту кезінде ТДМ міндеттері мен индикаторларын есепке алуға жәрдемдеседі.

Осылайша, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың келісілген өзара іс-қимылы тұрақты дамудың жаһандық күн тәртібін өңірлік жағдайларға тиімді бейімдеуді қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді, әлеуметтік бағдарланған басқару шешімдерін қабылдауға ықпал етеді.



ТДМ бойынша әдістемелік ұсынымдар
Көлемі: 658.04 КБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!