Экспертное мнение: Бауыржан Мұқан

02.09.2020

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жалған урбанизация үдерісі қалалардың дамуына кедергі болмауы керек. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында урабанизация, өңірлерді дамыту төңірегіндегі маңызды мәселелерді көтерді. Мәселен, елімізде урбанизацияның деңгейі 2014 жылы 56,6% болса, қазіргі таңда 58,9%-ды құрайды. Жалған урбанизация үдерісі қалалардың дамуына кедергі болмауы қажет. Демек, әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымға қосымша жүктеме түсірмей халықтың табиғи өсімін негізге ала отырып, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету саясаты жүзеге асырылуы тиіс. Себебі жоғары сапалы қолжетімді инфрақұрылымдардың дамуы халықтың сапалы өмір сүру жағдайына тікелей әсер етеді», - дейді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, Бауыржан Мұқан Жолдауда айтылған территориялық дамудың жаңа сатысы – ел экономикасына оң әсер тигізетінін атап өтті.

«Жоғары технологиялық даму секторының Қазақстан экономикасындағы үлесі 2-3% ғана. Әрине, бұл өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, ғылым мен технологияның дамуына барлық өңірлердің жаппай жұмылдырылуы немесе инновациялық ортаның бірдей қалыптасуы екіталай. Ал, Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының жоғары технологиялар, ғылыми ауқымды өндірістің және техникалық қызметтің орталығы болуына қатысты пікірі осы өңірлердің үлкен мүмкіндіктері бар екендігін айқындап отыр», - деп түйіндеді Бауыржан Мұқан.


Просмотров: 2355
Сохранено: 03.09.2020






Пожалуйста подождите...

Хорошая погода, не так ли?

Подписка на рассылку


Операция успешно завершена.



ОШИБКА!