Қазақстанда әйелдер мен қыздардың құқығын қалай қорғаймыз?
14.09.2020
2020 жылдың алғашқы 5 айында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың саны 25 пайызға өскен. Біріккен ұлттар ұйымының ақпаратына сәйкес, әлемде әрбір үшінші әйел күш көрсету және/немесе жыныстық зорлыққа ұшырайды. Сол себепті ұйым әлем мемлекеттерін әйелдер мен қыздардың құқығын қорғап, мүмкіндігін арттыруды күшейтуге шақырады. БҰҰ-ның Тұрлаулы даму туралы 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын қамтитын бағдарламасын осы ұйымның 2015 жылғы тарихи саммитінде әлем көшбасшылары бірауыздан қабылдаған болатын. Тұрақты дамудың барлығы 17 мақсаты айқындалды. Олар адамзат дүниесінің қазіргі және келешек берекелі тіршілігінің барлық элементтерін қамтиды. Тұрақты даму мақсаттарын қолдаған елдер қатарында Қазақстан да бар. Себеп – бұл мақсаттар біздің еліміздің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге толық сәйкес келеді. Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттары бойынша Үйлестіру кеңесі 2018 жылдың 15 тамызында құрылған. Кеңестің жұмысын үйлестіруші орган – Ұлттық экономика министрлігі болса, хатшылық рөлін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атқарады. Институт, сондай-ақ, сарапшылық-талдамалық қолдау көрсетеді. "Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру мен оған қаржы тарту – Қазақстан үкіметі мен БҰҰ ынтымақтастықта жүргізіп отырған жұмысының басты бағыттарының бірі. Қазір еліміз Тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын бейімдеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Келісілген, жан-жақты индикаторлардың түпкілікті жиынтығы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қамтылатын барлық ұлттық стратегиялар мен бағдарламалардың тиімділігіне жүргізілетін мониторингті күшейте түсуге мүмкіндік береді", – дейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығы директорының орынбасары Заур Ибрагимов. Оның ақпаратына сәйкес, 2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Қазақстанда ұлттық бюджетті жылдам әрі кешенді бағалау және Дамуды қаржыландыру жайын бағалау бойынша зерттеулердің бірінші кезеңі өткізілген. Бұл зерттеудің басты мақсаты – ұлттық бюджеттің Тұрақты даму мақсаттарымен үйлесімділігін, сонымен қатар елдің дамуды қаржыландыру әлеуетін бағалауға саяды. Тұрақты даму мақсаттарына бюджет бөлудің артықшылығы – бюджеттің орындалуын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсаттарына қызмет етеді немесе ресурстарды бөлу мен арбитражды басқару құралы бола алады. Бюджетті жасақтау үдерісінде келіссөздердің құралы ретінде Тұрақты даму мақсаттарын пайдалануда келесі екі дерек ескерілуі тиіс: 1. Жай ақша бөлуден көптеген мақсатты көрсеткіштерге қол жетпей қалуы ықтимал. Олар бұған қоса саяси шараларды, мемлекеттік нормалар мен ережелерді талап етеді. 2. Тұрақты даму мақсаттары "қанша ақшаны қайда жұмсауымыз керек?" деген сұраққа ғана емес, "осы қаржыны қайтсек дұрыс жұмсаймыз?" деген сұраққа жауап ретінде де пайдаланылуы керек. Тұрақты даму бойынша 2020 жылғы есептің қорытындысына сәйкес, Қазақстан 100 балдан 71,1 балл жинап, 166 елдің ішінде 65-орын иеленген. Бірінші орында 84,7 балл нәтижемен Швеция тұр. Институт ақпаратына сүйенсек, "Аштықпен күрес", "Сапалы әрі қолжетімді білім", "Гендерлік теңдік", "Таза энергия", "Лайықты жұмыс және экономикалық өсім", "Индустрияландыру, инфрақұрылым және инновациялар", "Климаттың өзгерісімен күрес", "Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар" секілді мақсаттар бойынша орташадан сәл жоғары жетістік байқалуда. Осы мақсаттар бойынша ел қажетті баллдың 50 пайызынан астамын жинады. Ол жеткіліксіз, демек, еліміз 2030 жылға дейін аталған мақсаттарға жете алмауы ықтимал. Жүз пайыз жету үшін тиімді шаралар қолдану қажет. Ең төмен қарқын он бірінші "Тұрлаулы қалалар мен елді мекендер", сондай-ақ, он бесінші "Құрлық экожүйелері" мақсаттары бойынша байқалуда. Осы мақсаттар бойынша да барынша белсенді шаралар қолдану қажет. Үйлестіру кеңесі 2019 жылы 297 ұлттық индикаторды хаттамамен бекіткен. Оның ішінде гендерлік бағыттағы индикатор саны – 53 . Гендерлік теңдік мәселелері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде қалай көрініс тапқан: 1. "Гендерлік теңдік" мақсатының қамтылуы – 77,8%; 2. Гендерлік теңдік мәселелері "2030 жылға дейінгі отбасылық және гендердік саясат концепциясында" көрініс тапқан; 3. Гендерлік бюджет бөлу элементтері қарастырылмаған – халық арасындағы түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделері мен сұраныстары теңгерімді түрде ескерілмеген; 4. "Гендерлік теңдік" 5-ші Тұрақты даму мақсаттарын басқа да бағдарламалық және стратегиялық құжаттарға интеграциялау қажет. "Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық- зомбылық – көп ғасырлық тарихы бар ғаламдық тауқымет. Кез-келген зорлықты әлемдегі миллиондаған әйелдер мен балалардың, жалпы, адамның өміріне, тәндік және жандық психологиялық саулығына қатер төндіретін адам құқығын бұзудың ең кеңінен таралған түріне еркін жатқызуға болады", – дейді Салтанат Тұрсынбекова, Қазақстан президентінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, құқық қорғаушы, қоғам қайраткері. Оның айтуынша, бұл проблеманың өзектілігін халықаралық қоғамдастық жоғарғы деңгейде атап көрсетіп отыр:
Өкінішке орай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, әйелдер мен балаларға зорлық көрсету әлі де кең таралған құбылыс болып отыр. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат концепциясында 2020 жылға дейін отбасылық-тұрмыстық салада әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарды 20 пайызға азайту көзделген болатын. Алайда, кейінгі 5 жылда елімізде отбасындағы қылмыстардың саны тұрақты түрде арта түсу оқиғалары байқалып отыр. "Егер 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру бойынша тіркелген оқиғалар 8,6% болса, 2019 жылы олардың саны 18,7% құрады. Отбасылық-тұрмыстық салада денсаулыққа қасақана орташа ауыр деңгейде залал келтіру оқиғалары 2015 жылы – 2 %, 2019 жылы – 11% болды. 2020 жылдың тек алғашқы 5 айында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың саны 25%-ға өскен", – дейді Салтанат Тұрсынбекова. Талдау көрсетіп отырғандай, зорлық-зомбылықпен күрестің қазір қолданылып отырған құқықтық құралдары тиімсіз. 2009 жылы қабылданған "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" заң ескірді және оның нормалары ахуалды түзетуге елеулі ықпал ете алмай отыр. "Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша заңда көрініс тапқан шаралар жүйелі әрі кешенді сипатта емес. Профилактикамен айналысатын субъектілердің заңда бекітілген құзыреттері қауіпсіздік пен құқық қорғау бойынша қоғамның нақты сұранысын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр. Әділет, мәдениет және спорт, дін және азаматтық қоғам, ақпарат және коммуникациялар, жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-қызметіне жұмылдырылмаған", – дейді Салтанат Тұрсынбекова. Қазақстанда татуласуға қатысты проблемалар бар. Құқық бұзушы жазадан құтылып кетеді және заңды қайта бұзуға барады. Істердің жартысынан астамы татуласумен аяқталады, демек, әрбір екінші бұзақы жазадан құтылды және әрбір төртіншісі оқиға қайталанғанда татуласқанын тағы да хабарлаған. Отбасындағы сотқарларды іс жүзінде үйден ешкім қуып шығара алмайды, өйткені, заңда ол үшін басқа баспана болуы қажет деп көрсетілген. Бұл көбінесе ауыр зардаптарға алып келуде, әсіресе балалар жәбір шегіп отыр. Бұл әрекет етуші құқықтық базаның азаматтарды, әсіресе, балаларды, әйелдерді, қарт адамдарды, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды толыққанды қорғауды қамтамасыз ете алмай отырғанын дәлелдейтін себептердің толық емес тізбесі. Осындай проблемаларды ескере отырып, Парламент депутаттары бастама көтеріп, қазір жұмыс тобының шеңберінде 2 заң жобасы қарастырылып жатыр:
Өкінішке орай, әрекет етуші қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік түрлері зорлықшыларды жаңа қылмыс жасаудан тежемей, отбасылық сотқарларды түзетуге ықпал ете алмай отыр. Жаңа заңды қолданысқа енгізу жазаның мерзімі мен мөлшеріне тікелей әсер етпекші. Яғни, егер адам отбасында ауыр қылмысқа барса, бүгін ол 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал жаңа заңмен жаза мерзімі 5 жылдан бастап 10 жылға дейін артқалы отыр. Орташа ауыр дәрежедегі қылмыс жасалса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі күні жүйелі түрде соққыға жығу немесе азаптап жәбірлеу үшін 2 жылға дейін абақтыға жабу қарастырылған. Егер жаңа заң қабылданса, онда бұл мерзім бірден 7 жылға дейін өседі. Жаңа заң жобасында қолданыстағы заңда жоқ мынадай жаңа нормалар ұсынылған:
"Барлығымызға отбасының, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру, отбасы институтын нығайту бойынша көп іс тындыру қажет болып отыр. Қазақстандықтардың өміріне әсер етіп, әл-ауқатын жақсартуға оң ықпалын тигізетін ауқымды өзгерістер күтіп тұр", – дейді Салтанат Тұрсынбекова. Тұрақты даму мақсаттарына келсек, қазіргі сәттегі тұжырым мынадай: Не істелді?
Алдағы уақытта не істеу керек?
Просмотров: 2712 |
Архив новостей | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|