05.11.2020

Қазақстанда 2020 жылдың қазан айында инфляция 0,6%-ды, жыл басынан бері-5,5%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

10 айда азық - түлік тауарларының бағасы 8,3%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 4,5%-ға, ақылы қызметтерге - 3%-ға өсті.

Қазан айында (2020 жылдың қыркүйегіне қарай) бағаның өсуі жұмыртқаға - 10,3%-ға, құмшекерге – 7,3%-ға, күнбағыс майына – 6,3%-ға, жаңа піскен көкөністерге – 2,8%-ға, картопқа – 2,1%-ға, сүтке - 1,4%-ға, шайға - 1%-ға, қой етіне - 0,9%-ға, ұнға, сары майға - 0,8%-дан,макарон өнімдеріне, жылқы етіне - 0,7%-дан, нанға - 0,6%-ды құрады.

Темекі өнімдері 1,8%-ға, салқын сусындар 0,6%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа піскен жемістерге - 3,9%, тауық етіне - 1,1% деңгейінде тіркелді.

Кеңсе тауарлары мен дәрі-дәрмектерге баға өсімі 0,8%-ды құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 6,7%, суық суға – 2,5%, кәрізге – 2%, электр энергиясына – 0,7%, ыстық суға-0,3% - ға өсті.


Қарау саны: 1808
Сақталған: 05.11.2020




Өзекті

8 триллион теңге кіріс жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түстіНақтырақ
9 пайыз — бір жыл ішінде Қазақстанда жаңа автомобильдер сатылымының өсуі Нақтырақ
87 мың вакансия шілде айында электрондық еңбек биржасында жарияланды Нақтырақ
20 пайыз — 5 жылда 10 ірі қалада 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын жоспарлы қысқартуНақтырақ




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!