Өңірлік зерттеулер деген не
Өңірлік зерттеулер
Қызметтің негізгі бағыттар
Экономикалық зерттеулер институты өңірлік саясатты талдамалық сүйемелдеу бойынша ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады, оның ішінде:
- елдің өңірлік, аумақтық-кеңістіктік даму мәселелері бойынша;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
- қалалардың, облыстардың Даму стратегияларын және т.б. әзірлеу
Біздің артықшылығымыз
Экономикалық зерттеулер институты ел өңірлерінің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын ең маңызды құжаттардың әзірлеушісі болып табылады.
Біз институтционалдық жадыға ие болып келеміз және өңірлік экономикаға ықпал ететін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың «ұстаушысы» болып отырмыз. Сондай-ақ біз тұрақты негізде өңірлердің дамуына жүйелік талдау жасаймыз, елдің ауылдық елді мекендерінің Өңірлік стандарттар жүйесінің объектілерімен және қызметтерімен, оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» жобалары есебінен қамтылуына мониторинг жүргіземіз.
Экономикалық зерттеулер институтының түрлі ақпараттық жүйелерден, дерекқорлардан алынған мәліметтерді бірыңғай дерекқорға шоғырландыру және аталған деректер негізінде болжамдау әдіснамасы мен моделін пайдалана отырып, көрнекі және ақпараттық шолуларды, есептерді дайындауда пайдалана алатын «iMAQ» ақпараттық-талдамалық жүйесіне тіркелген авторлық құқықтары бар.
Біздің жобалар
- Елдің аумықтық-кеңістіктік ұйымдастырылуын жетілдіру мәселелері бойынша талдамалық зерттеу жүргізу;
- Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасыжобасының әзірленуін сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу;
- Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ережелерін тұжырымдамалық түзету бөлігінде өңірлік саясаттың жетілдірілуін сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу;
- Қостанай қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу;
- Атырау қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын және оны іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеу;
- Жергілікті өзін-өзі басқару тиімділігін арттыру есебінен өңірлердің институтционалдық ортасын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
- Өңірлік саясаттың жетілдірілуін сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу, оның ішінде жергілікті басқару мәселелері;
- Ақтөбе облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын және Іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- Есіл қ. 2015-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын әзірлеу қызметтері;
- Ақмола облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын және Іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
- Державинск 2015-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын әзірлеу қызметтері.
Қарау саны: 256
Сақталған: 14.06.2024