Ғылыми экономикалық сараптама

Ғылыми экономикалық сараптама
Қызметтің негізгі бағыттары

Экономикалық зерттеулер институты республиканың заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізеді.

Сараптама 25 күнтізбелік күннің ішінде, қосымша және қайталама сараптама 5 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. 
НҚА жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әзірлеуші мемлекеттік орган қабылданып жатқан заң жобалары әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау жүргізеді, оның нәтижелері заң жобасының Паспортында көрініс табады. 
Өз кезегінде, Экономикалық зерттеулер институты әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасының мемлекетке, бизнеске және халыққа ықпалына жүргізген бағалау нәтижелеріне сараптама жүргізеді. 
Сараптама нәтижелері бойынша заң жобасы ережелерінің макроэкономикалық тиімділікке, әлеуметтік дамуға, кәсіпкерліктің дамуына, экономика саласының бәсекеге қабілеттілік параметрлеріне, экономикалық қауіпсіздікке, халықаралық пен өңірлік ұйымдар шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ықпалы туралы ғылыми негізделген тұжырымдар беріледі. 
Сондай-ақ сараптама қорытындысында заң жобасын жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсынымдар беріледі.

Біздің артықшылықтар

Экономикалық зерттеулер институтында сараптама сапасын жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Осылайша, сараптама жүргізудің негізгі құралы болып табылатын Паспорт және оны толтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар жетілдірілді. 

Біздің сарапшылардың сараптама жүргізуге қажетті ғылыми әлеуеті бар. Бүгінде 4 экономика ғылымдарының докторынан, экономика бойынша PhD докторынан, 6 экономика ғылымдарының кандидатынан, сондай-ақ экономика магистрлерінен тұратын біліктілігі жоғары құрам жүргізеді. Біздің сарапшылар жетекші шетелдік оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан жүйелік түрде өтеді. 

Осыдан бөлек, Экономикалық зерттеулер институтында заң жобасы нормаларының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге ықпалына бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін эконометриялық модельдеу құралдарының кешені әзірленген және қолданылады. Сараптама барысында пайда мен шығынды талдау әдісі, стандартты шығасылар моделі, бенчмаркинг, салыстырмалы талдау сияқты әдістер пайдаланылады.

Қандай зерттеулер жүргізілді:

Сараптаманы жүргізу «Қазақстан Республикасы заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы» мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырма шеңберінде НҚА әзірлеуші мемлекеттік органдардың әдіснамалық сүйемелденуі қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҚР заң жобалары әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау жүргізу сапасын арттыру бойынша жыл сайын 2 оқыту семинары өткізіледі.


Біз аталған бағыт бойынша қандай әзірлемелерге қатыстық, жобаларға қанша сараптама жүргізілді:

Қазіргі уақытта Қазақстандағы сараптама заң жобасымен енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізділігін бағалау құралы болып табылады. Сараптама нәтижелері заң жобаларды келісу кезінде ҚР Ұлттық экономика министрлігімен ескеріледі. Институттың сараптама нәтижелері бойынша жасалған ұсынымдары мен ескертулері әзірлеуші мемлекеттік органдармен ескеріледі және жұмыста пайдаланылады.

Сараптама уақыты кезінде мемлекеттік басқару және реттеу саласы, бюджеттік процесс саласы, бизнес, инвестициялар және салаларды дамыту саласы, әлеуметтік қамту саласы, құқықтық сала, қауіпсіздік саласы және басқа да салаларда 650-ден астам сараптама қорытындысы дайындалды.


Қарау саны: 3463
Сақталған: 18.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!