Мансап



Бос жұмыс орындары
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да кандидаттардың кәсіби дағдыларын тестілеуді, сондай-ақ әңгімелесуді көздейтін конкурстық іріктеу рәсімі әрекет етеді. 

Вакансиялар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірі 8 (7172) 999 755

Түйіндемені hr@eri.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз.


Қызметкерлерді ынталандыру

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да әрекет ететін жұмыскерлерді ынталандыру жүйесі материалдық және материалдық емес ынталандыруды біріктіреді, білікті персоналды тартуға және ұстап қалуға, жұмыскерлердің еңбек нәтижелеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Еңбекақы төлеу жүйесі жұмыскерлердің біліктілігі мен іскерлік қасиеттерін, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері үшін ағымдағы сыйақыларды ескере отырып, лауазымдық жалақыны белгілеуді көздейді. 

Материалдық емес көтермелеу ретінде еңбек уәждемесін арттыру мақсатында қызметкерлер мемлекеттік, ведомстволық және ішкі наградалармен марапаттауға ұсынылады.


Әлеуметтік саясат

Жұмыскерлердің еңбек жағдайларының сапасын,  өмірін қамтамасыз ету үшін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ тұрақты негізде әрбіріне әлеуметтік топтаманы ұсына отырып, өз жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді. Жұмыскердің өмірінде туындаған жағдайлармен байланысты материалдық көмек көрсету мүмкіндігі бар.


Жұмыскерлерді оқыту

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да персоналды оқытуға және  біліктілігін арттыруға үлкен мән беріледі, өйткені кәсіби даярлықтың жоғары деңгейі жұмыс сапасының негізгі факторы болып табылады.

Персоналды оқыту және дамыту жүйесі стратегиялық дамудың талаптары мен перспективаларын ескере отырып, персоналдың қажетті біліктілік деңгейін қалыптастыру және қолдау мақсатында жүзеге асырылады.





Бөлімге ақпарат дайындалып жатыр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.










... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!