Ұлттық баяндамалар
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары өзекті экономикалық мәселелерге арналған жыл сайынғы ұлттық баяндама жобаларын дайындауға қатысады.
Мысалы, Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі бәсекеге қабілеттілігінің жай-күйі туралы ұлттық баяндама. Халықаралық рейтинг нәтижелерін компаративті талдауға негізделген бұл баяндама бес негізгі бағытты қамтиды: макроэкономика, адами капитал, инновация және инфрақұрылым, институционалдық және қоршаған орта. Мысалы, 2023 жылғы баяндама инфрақұрылымдық даму мәселелеріне арналған. Талдау алты халықаралық рейтинг индикаторларының призмасы арқылы жүзеге асырылады: IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілігі, әлеуметтік прогресс, азық-түлік қауіпсіздігі, жаһандық инновациялық индекс, логистика тиімділігі және экологиялық тиімділік.
2022 жыл. Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық баяндама
2024 жыл. Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық баяндама