2017 жылғы маусымда Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясына қосылған 48-ел болды.
ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетіне кіру шеңберінде Қазақстан Үкіметі Бизнесті жауапты жүргізу мәселелері жөніндегі көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарына (бұдан әрі – ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттары) сәйкес бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын таратуды қоса алғанда, бірқатар міндеттемелерді өзіне алды.
ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттары ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясының ажырамас бөлігі болып табылады.
Инвестициялардың арқасында кәсіпорындар/инвесторлар (бұдан әрі – кәсіпорындар) инвестицияларды қабылдайтын елдің экономикасы үшін өндірістік капитал, басқару және технологиялық ноу-хау, жұмыс орындарын құру және салық түсімдері түрінде айтарлықтай пайда әкеледі.
Сонымен қатар, осындай компаниялардың/инвесторлардың қызметінен туындайтын және әлеуметтік, экономикалық әрі экологиялық салаларда халық пен қоғам үшін жағымсыз салдары бар қоғамдық проблемалар бар.
ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттары ішкі және халықаралық заңнамаға сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің ерікті қағидаттары мен стандарттары бойынша ұсынымдар беру арқылы осы проблемаларды шешуге ықпал етеді.
ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттары көпжақты халықаралық негізде мақұлданған кәсіпорындар үшін жалғыз кешенді мінез-құлық кодексін білдіреді. Атап айтқанда, кәсіпорын қызметінің олар жұмыс істейтін қоғамдар үшін (соның ішінде ЭЫДҰ-дан тыс) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарына байланысты қоғамдық проблемалар қозғалады және бизнесті жауапты жүргізуді ілгерілетуде бизнес үшін маңызды негіздерді қамтамасыз етеді.
Оларды үкіметтер қолдағанына қарамастан, ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттары ерікті және ұлттық заңнамадан басым болуға арналмаған. Басшылық қағидаттар көпұлтты кәсіпорындар мен отандық кәсіпорындар арасындағы айналымдағы айырмашылықтарды енгізуге арналмаған – олар қай жерде қолданылса да, кез келген көлемдегі барлық кәсіпорындар үшін озық тәжірибені көрсетеді.
ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттары адам құқықтары, еңбек құқықтары, қоршаған орта, парақорлық және сыбайлас жемқорлық, тұтынушылардың мүдделері, ақпаратты ашу, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салуды қоса алғанда, іскерлік жауапкершіліктің барлық негізгі салаларын қамтиды. ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттардың 2023 жылғы басылымында климаттың өзгеруі, биоәртүрлілік, технология, Бизнестің адалдығы және жеткізу тізбегін кешенді тексеру сияқты негізгі салаларда жауапты іскерлік бизнесті жүргізу жүргізу бойынша Ұлттық байланыс орталықтары үшін жаңартылған енгізу процедуралары бар.