ҰБО туралы


Бизнесті жауапты жүргізу мәселелері жөніндегі Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы

Бизнесті жауапты жүргізу мәселелері жөніндегі Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) – ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарына сәйкес бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын бұзатын кәсіпорындардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне халықтың/қоғамның өтініштерін қараудың ерікті, соттан тыс тетігі.

ҰБО проблемаларды талқылау және өзара келісімге қол жеткізу жолдары мен өзгерістерді әзірлеу үшін тараптар арасындағы сындарлы диалог үшін алаң ұйымдастырады.

Кәсіпорынның іс-әрекеті немесе қызметі ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарына сәйкес келмейді деп есептейтін кез келген тұлға, ұйым немесе қоғамдастық (мүдделі тараптар) тиісті елдің ҰБО-на өтініш бере алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 қаулысымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 667 қаулысымен жаңа редакцияда) ҰБО қызметін жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жауапты болып айқындалды.

ҰБО Хатшылығы болып «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ анықталды.  


ҰБО негізгі міндеттері

1) ЭЫДҰ басшылық қағидаттарының ережелерін болжамды бұзу нәтижесінде туындайтын сұрау салулар мен өтініштерді қарау;

2) ЭЫДҰ басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу және олар бойынша объективті шешім қабылдау туралы өтініштерді қарау кезінде мүдделі тараптармен (бизнес-қоғамдастық, кәсіптік одақтар және азаматтық қоғамның басқа да өкілдері, мемлекеттік органдар) өзара іс-қимыл жасау;

3) ЭЫДҰ басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы өтініштерді қарау қорытындылары бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ бизнесті жауапты жүргізуге қатысты ұсынымдар әзірлеу;

4) басқа елдердің ҰБО-мен, оның ішінде ЭЫДҰ басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы өтініштерді қарау кезінде ынтымақтастық және өзара іс-қимыл;

5) ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттары, ҰБО қызметі және бизнесті жауапты жүргізу стандарттары туралы жұртшылық пен бизнес-қоғамдастықтың хабардарлығын арттыру (бұқаралық ақпарат құралдары, семинарлар, дөңгелек үстелдер арқылы);

6) кәсіпкерлік қызметті жауапты жүргізуге қатысты ҰБО шешімдері мен ұсынымдарының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;

7) көпұлтты кәсіпорындардың ЭЫДҰ басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы өтініштерді қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру.

8) кәсіпкерлік қызметті жауапты жүргізуді көтермелеуге, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдармен үйлестіруге бағытталған саясаттарды әзірлеу, енгізу және олардың келісілуін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар жіберу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолдау көрсету;

9) ҰБО жұмыс істеуі үшін қажетті өзге де шешімдер қабылдау.






Бұйрық №196. Кәсіпкерлік қызметті жауапты жүргізу мәселелері жөніндегі Ұлттық байланыс орталығының жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы
Көлемі: 259.63 КБ

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҰБО
Көлемі: 251.44 КБ

Қазақ тілінде ҰБО туралы ақпараттық буклет
Көлемі: 3.26 МБ

БЖЖ Үкіметтің рөлі туралы ұсынымы
Көлемі: 608.21 КБ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ: ДАМУ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Көлемі: 1.13 МБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!