ЭЫДҰ деген не
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы нарықтық экономикасы бар 30 елдің үкіметтері жаһандандырылу жағдайында туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді және басқару мәселелерін шешуде бірлесіп жұмыс істейтін, сондай-ақ ол ұсынатын мүмкіндіктерді зерттейтін ерекше бірлестік болып табылады. (www.oecd.org)
Ұйым үкіметтер саяси мәселелерді шешу саласында тәжірибемен алмаса алатын, ортақ мәселелерге жауап ала алатын, басқа елдердің оң тәжірибесі туралы біліп, өзініңң ұлттық және сыртқы саясатын үйлестіре алатын форум болып табылады. Бұл тең серіктестердің өзара іс-қимылы кезінде саясатты жетілдіруге бағытталған мықты бастамалар туындайтын және халықаралық деңгейде келісілген, экономикалық жаһандандырылу шарттарында жеке елдерге прогреске қол жеткізу үшін жан-жақты келісім қажет болатын салалардағы құралдар, шешімдер мен ұсынымдар әзірленетін форум. ЭЫДҰ мүшелері болып табылмайтын елдер осы келісімдер мен шарттарға қосылуға шақыру алады.
ЭЫДҰ мүше елдерінің үкіметтері арасындар тәжірибемен алмасу Париждегі хатшылық ұсынатын ақпаратты жинау және талдау негізінде жүзеге асырылады. Хатшылық деректерді жинайды, үрдістерге мониторинг жүргізеді, оларды талдайды және экономикалық даму саласында болжамдар жасайды. Ол сонымен бірге сауда, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, технологиялар, салық салу және т.б. салаларда әлеуметтік өзгерістерге зерттеу жүргізеді немесе саясат модельдерін әзірлейді.
ЭЫДҰ үкіметтерге олардың елдерінің көркеюіне бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға және экономикалық өсу, қаржы тұрақтылығы, сауда мен инвестицияларды, технологияларды, инновацияларды, кәсіпкерлікті дамыту және дамуға жәрдемдесу саласында жәрдем көрсете отырып, кедейшілікпен күресуге мүмкіндік береді. ЭЫДҰ елдер әлеуметтік-экономикалық даму салдарларының қоршаған ортаның жағдайына ықпалын ескеретініне тырысады. ЭЫДҰ міндеттеріне барлығы мен әрқайсысы үшін жұмыс орындарын құру, адал және тиімді мемлекеттік басқарудың әлеуметтік теңдігін қамтамасыз ету кіреді.
ЭЫДҰ үкіметтерге жаңа даму міндеттеріне қол жеткізуде және оларды толғандыратын мәселелерді шешуде көмек көрсетуді және өзара түсіністікті қамтамасыз етуге бағытталған күштің алдынғы қатарында орналасқан. Бұл сауданы қайта құрылымдауды және құрылымдық өзгерістерді, онлайн ақпаратының қорғалуын және дамушы әлем елдерінде кедейшілікті қысқартумен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз етуді қамтиды.
40-тан астам жылдың ішінде ЭЫДҰ салыстырылатын статистикалық және әлеуметтік-экономикалық деректердің әлемдегі ең ірі және ең сенімді көзінің рөлін орындаған.
ЭЫДҰ дерекқоры ұлттық шоттар жүйелері, экономикалық көрсеткіштер, сауда, жұмыспен қамту, көші-қон, білім беру, энергетика, денсаулық сақтау және экология сияқты түрлі салаларды қамтиды. Зерттеулер мен талдамалық материалдардың үлкен бөлігі жарияланады.
Соңғы онжылдық ішінде ЭЫДҰ бизнеспен, кәсіби одақтармен және азаматтық қоғамның басқа өкілдерімен өзара іс-қимылды әрі қарай кеңейтумен бірге бірқатар әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді қарастырумен айналысты. Мысалы, ЭЫДҰ салық салу және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша жүргізетін келіссөздер бүкіл әлемде салық салу саласында екіжақты шарттарды жасауда түрткі болды.
ЭЫДҰ – бұл ниеттес елдер тобы. Елдердің ЭЫДҰ-ға мүше болудың негізгі өлшемшарты нарықтық экономикаға және демократиялық плюрализмге берілгендік болып табылады. Бұл бай ұйым, оның 30 мүшесі әлемдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерінің жалпы көлемінің 60%-ын шығарады және сонымен бірге бұл ұйым барлығы үшін ашық болып келеді. Ұйымға кірмейтін елдер ЭЫДҰ келісімдері мен шарттарына қол қоюға қатысуға шақыру алады, ұйым әлемдегі 70-тен астам елмен өзара қызығушылықты танытатын мәселелер бойынша тәжірибемен бөліседі және пікірмен алмасады.
Қарау саны: 13147
Сақталған: 20.07.2020