Ерікті ұлттық шолу


2022 жылғы шілдеде БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында Қазақстан Тұрақты Даму Мақсаттарын іске асыру бойынша өзінің екінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынды. 

Ерікті ұлттық шолу (ЕҰШ) – бұл жетістіктерді талдау ұсынылған және елде Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы сын-қатерлер айқындалған құжат.

Ерікті ұлттық шолулардың таныстырылымына 44 ел қатысты.

Қазақстан 2019 жылы Нью-Йоркте БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша Жоғары деңгейдегі саяси форум шеңберінде  Қазақстанның бірінші Ерікті ұлттық шолуын таныстырды. 

2022 жылғы ЕҰШ пен бірінші ЕҰШ арасындағы айырмашылық тек 17 ТДМ ілгерілеуі туралы ғана емес, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен зерттеулердің нәтижелері: Дамуды қаржыландыруды бағалау, Жылдам кешенді бағалау болып табылады. Сондай-ақ, БҰҰ-Әйелдер ұйымымен бірлесіп бір өңірдің мысалында әзірленген әдістемені қолдана отырып, қысқаша гендерлік талдау ұсынылған. 

Сондай-ақ, ЕҰШ-те Қазақстанда бизнесті және азаматтық қоғамның ТДМ іске асыруға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. 

Қазақстанның ТДМ бойынша Ұлттық ерікті шолуды ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп, ТДМ бойынша БҰҰ Біріккен Қорының қолдауымен дайындады.

ЕҰШ таныстырылымы аясында Қазақстанның тұрақты даму саласындағы жетістіктері туралы бейне - ролик ұсынылды.

Анықтамалық: Жоғары деңгейдегі саяси форум (ЖДСФ) — бұл жыл сайынғы үкіметаралық форум, онда елдер Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті қарайды және хабарлайды.

Дамуды қаржыландыруды бағалау-елдің ТДМ қаржыландыру архитектурасын бағалайды және ТДМ-ға қол жеткізудегі ағымдағы прогресті ескере отырып, елдегі дамуды қолжетімді қаржыландырудың көлемі мен үрдістері туралы білімдегі елеулі олқылықтарды қарайды.

Жылдам кешенді бағалау елдерге Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және жергілікті деңгейлерде дамуды жоспарлау жөніндегі бағдарламаларға енгізу мақсатында олардың дайындық деңгейін және институционалдық әлеуетін бағалауға көмектеседі. Басқаша айтқанда, бұл ТДМ-ды стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен қамту.

Ерікті Ұлттық шолу 2019 ж.
Көлемі: 51.72 МБ

Ерікті Ұлттық шолу 2022 ж.
Көлемі: 60.25 МБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!