Институт туралы

Экономикалық зерттеулер институты (ERI) – 1961 жылы құрылған Қазақстан экономикасының кешенді дамуы мәселелерін зерттейтін жетекші мемлекеттік институт.

ERI қызметі елдің экономикалық стратегиясын жүзеге асыруды ғылыми қамтамасыз етуге, экономиканың жай-күйін талдауға және оның болашақ дамуын болжауға, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған. 

Әлемдік экономикадағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында, ағымдағы экономикалық жағдайдың сапалы талдауын және экономика мен қоғамды түрлендіруге арналған ұсыныстарды қамтамасыз ететін экономикалық зерттеулер мен сараптамаларға сұраныс артып келеді. 

Стратегиялық мемлекеттік шешімдерді қабылдау және әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыру әлемдік экономика мен Қазақстанның экономикалық жағдайын жан-жақты ғылыми талдауға негізделуі тиіс. 

Сондықтан ERI елдегі экономикалық жағдайды және сыртқы ортаны бағалау, маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен заң жобаларын әзірлеуге белсенді қатысады. Елдің стратегиялық құжаттарын мониторингілеуге, сондай-ақ қазіргі заманғы экономикалық-математикалық модельдерді қолдана отырып экономика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. 

Экономикалық зерттеулер институты еліміздің ғылыми орталарымен кең серіктестік желісіне ие.

Шетелдік серіктестермен бірлескен зерттеулер, семинарлар және ортақ қызмет арқылы Экономикалық зерттеулер институты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді диагностикалау мен шешудегі үздік тәжірибелерді енгізеді. 

Экономикалық зерттеулер институтының қызметі келесі бағыттарды қамтиды: 

  • Макроэкономикалық зерттеулер
  • Инвестициялық саясат
  • Стратегиялық әзірлемелер мен зерттеулер
  • Өңірлік зерттеулер
  • Бәсекелестік орта зерттеулері
  • Фискалдық саясат
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Әлемдік экономика зерттеулері
  • ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл
  • Климаттық күн тәртібі

Барлық зерттеу бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпарат «Институт зерттеулері» бөлімінде қолжетімді: https://eri.kz/kz/Issledovanija_instituta/lemdk_ekonomikany_zertteu_ortalyy/

Қарау саны: 9462
Сақталған: 24.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!