Астана Халықаралық форумы (Astana International Forum, AIF) — ашық диалог, ынтымақтастық және көпжақты қатынастар арқылы жаһандық мәселелердің практикалық шешімдерін іздеу үшін көшбасшылар мен сарапшыларды біріктіретін диалогқа арналған халықаралық платформа.
AIF 2023 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды және жыл сайын Астана қаласында өткізіледі.
Форумның
басты миссиясы – халықаралық ынтымақтастық пен бейбітшілікті диалог
және жаһандық маңызды мәселелерді түсіну арқылы ілгерілету. Бұл миссия төрт негізгі бағытқа шоғырланады:
сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық,
энергетика және климаттың өзгеруі, сондай-ақ экономика және қаржы.
AIF шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес
және академиялық топтардың жоғары лауазымды делегаттары үшін геосаяси трендтер,
климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы және энергетикалық қауіпсіздік
мәселелері бойынша диалог жүргізіп, шешімдер табуға арналған диалог алаңы болып табылады.
AIF-тің ұйымдастыру құрылымы:
Астана Халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі
Ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің өкімімен анықталады.
AIF Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ жалпы үйлестіру мақсатында AIF Секретариаты ретінде
базалық ұйым болып белгіленді. Сонымен қатар, Институт жаһандық күн тәртібінің
әртүрлі бағыттары бойынша панельдік сессияларды ұйымдастырудағы негізгі
серіктестердің бірі болып табылады.
Хронология:
2023 жылғы
8-9 маусым - Форумның тақырыбы: «Диалог арқылы сын-қатерлерді
еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».
2023 жылы AIF жұмысына 50-ден астам елден 5 мыңнан астам
делегат қатысты. Жоғары мәртебелі қонақтардың арасында мемлекет басшылары, ірі
корпорациялардың және ХВҚ, ДСҰ, ДБ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ, ЕҚДБ, АДБ сияқты
халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бағдарламада 40 панельдік сессия мен
сайд-ивенттер қамтылды.
2024 жылғы 13-14 маусым - Форумның
тақырыбы: «Адамдарды шабыттандыра, ұлттарды біріктіре: үздік әлемді бірге
құрамыз». Бұрын-соңды болмаған су тасқынына байланысты 2025 жылға ауыстырылды.
Қарау саны: 298
Сақталған: 03.06.2024
|