Корпоративтік қор

«Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қоры (Қор) – ҚРҰлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен 2015 жылғы наурызда құрылған еншілес коммерциялық емес ұйымы.

Қордың жоғары деңгейлі халықаралық іс-шараларды өткізуде тәжірибесі бар. Астана экономикалық форумының (2015, 2016, 2017, 2018, 2019), Петропавл қ. Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы қорының (2018), Қазақстанда ОДМ мәселелері жөніндегі Алғашқы өңірлік саммиттің (2019) негізгі ұйымдастырушыларының бірі болып табылады.

Бүкіл әлемдік экономика бейіні бойынша сарапшылардың ауқымды желісіне; 1000-нан астам, оның ішінде, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарынан, мемлекеттердің бұрынғы басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының бірінші басшыларынан тұратын спикерлер мен модераторлар базасына ие.   

Қор зерттеу және талдамалық қызметті жүзеге асырады. Әріптестермен бірлесіп мынадай зерттеу жобаларын өткізді: 

 - «ҚР жеке салаларында мемлекеттік субсидияларды талдау» (2016)

 - «Жаһандық кәсіпкерлік мониторинг жобасы шеңберінде ересек еңбекке жарамды халыққа әлеуметтанушылық пікіртерім жүргізу» (2018)

 - Рапид-форсайт әдістемесі бойынша «Байқоңыр ғарыш айлағы 20 жылдан кейін» сессиясын өткізу қорытындылары туралы талдамалық есеп» (2019)


Азия даму банкімен, Дүниежүзілік Банкпен, БҰҰДБ-мен, Петербург халықаралық экономикалық форумымен, Киев халықаралық экономикалық форумымен, Дүниежүзілік экономикалық форуммен (Давос), Боа азиялық форумымен, Financial Times-пен, The Economist-пен, Жаңартылған Бреттон-Вудс Комитетімен және басқалармен белсенді әрекет етеді


«Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қорының директоры - Өскенбаев Әнуар Әуезұлы.



Қарау саны: 2681
Сақталған: 08.09.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!