Әлемдік экономиканы зерттеу
Әлемдік экономиканы зерттеу
Қызметтің негізгі бағыттары
Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы және жалпы әлемдік экономика процестері шеңберінде сараптамалық-талдамалық қолдау көрсету болып табылады.
Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға әлеуетті және қолданыстағы мүшелігі шеңберінде экономикалық тиімділікке бағалау жүргізеді, сыртқы экономикалық конъюнктураға зерттеулер, әлемдік тауар нарықтарына, сыртқы саудаға, экономикалық қауіпсіздік жағдайына зерттеулер жүргізеді.
Статистикалық талдау құралдарын, эконометрикалық модельдерді пайдалану кезінде Орталық ұлттық экономикаға үрдістердің әсер етуі контексінде әлемдік экономикаға зерттеулер жүргізеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберінде жаһандық үрдістердің экономикалық салдарларын талдау, оның ішінде қаралатын шешімдердің ex ante зерттеулері орындалады.
Бұдан басқа, қолданылатын шаралардың әлеуметтік-экономикалық әсерін анықтау мақсатында көрсеткіштердің өзара байланысын бағалауда корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізіледі.
Біздің артықшылықтарымыз
Институтта әлемдік экономиканың қысқа-, орта - және ұзақ мерзімді кезеңдеріне макроэкономикалық модельдеу және болжамдау құралдарының кешені әзірленген және қолданылады:
- салааралық теңгерім моделі (САТ);
- жалпы тепе-теңдіктің есептелетін моделі (СGE);
- ҚР өңірлік моделі;
- Арима моделі;
- экономикалық талдау және болжау үшін регрессия моделін қолдану;
Институт қызметкерлерінің жоғарыда көрсетілген үлгілерді әзірлеу және өзектендіру бойынша растайтын сертификаттары бар.
Экономикалық зерттеулер институты халықаралық ұйымдармен және ғылыми-зерттеу институттарымен сараптамалық байланыстарды қолдайды:
- ЕЭК (Еуразиялық экономикалық комиссия)
- ЭЫДҰ - Еуразия бөлімшесі, ЭЫДҰ Сыртқы байланыстар директораты және ЭЫДҰ-ның басқа да көптеген мамандандырылған органдары
- ҒЗҚИ (РФ Қаржы министрлігі «Ғылыми-зерттеу қаржы институты»)
- «Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы»
- ДБ (Дүниежүзілік Банк)
- АДБ (Азия Даму Банкі)
- ХВҚ (Халықаралық валюта қоры)
- Біріккен Вена институты (БВИ, JVI) - ОШЕ елдерінің, Балтық елдері мен Балқан елдерінің, ТМД-ға мүше елдердің, өтпелі экономикасы бар Азия елдерінің және т. б. мемлекеттік және жеке сектор мамандары үшін кәсіби даярлау жүргізу;
2020 жылғы 5 қазанда «Еуразиялық интеграциялық зерттеулер және коммуникациялар орталығы» коммерциялық емес серіктестігі мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық жобалар
Институт ЭЫДҰ мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға жауапты ұйым ретінде айқындалған. Бұдан басқа, Экономикалық зерттеулер институты Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының функцияларын жүзеге асырады. ҰБО туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша көруге болады
/kz/OESR/Nacionalnyj_kontaktnyj_centr/Ob_NKC/
Қарау саны: 3212
Сақталған: 02.11.2020