Қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау оларды халық, кәсіпкерлік және мемлекет үшін енгізу нәтижесінде пайда мен шығындарды кешенді талдау түрінде өтеді.
Қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚР Заңына және Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473 бірлескен бұйрығымен бекітілген) сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
Бағалау жүргізу кезінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар төмендегі бөлімдерді қамтитын қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортты толтырады:
1. Жалпы ақпарат
2. Заң жобасын әзірлеудің негізділігі және уақтылылығы
- Заң жобасы шешуге бағытталған проблема
- Проблемалық саладағы ағымдағы жағдайды талдау және мемлекеттік реттеу
- Заң жобасының мақсаты мен міндеттері
- Заң жобасы мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
- Реттеудің ұқсас проблемаларын шешудің халықаралық тәжірибесі
- Заң жобасын әзірлеу кезеңінде қаралған проблеманы шешудің барлық нұсқаларын сипаттау және таңдалған нұсқаны негіздеу
3. Нысаналы топтар үшін пайданы және шығасыларды талдау әдісін қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық салдарды талдау
- Халық
- Кәсіпкерлік субъектілері
- Мемлекет
4. Іске асыру тәуекелдері
5. Заң жобасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу құралдары
6. Заң жобасын қоғамдық талқылау нәтижелері
7. Қосымша
Қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау халық, мемлекет және бизнес үшін негізсіз шығындарды қоспағанда, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму үшін қолайлы реттеуші ортаны құруға ықпал етеді. Бағалау нәтижелері ұсынылған реттеу шараларының орындылығы туралы шешім қабылдау кезінде пайдаланылады.
Институт орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жыл сайын «Қабылданатын заң жобалары әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жүргізудің сапасын арттыру» тақырыбында оқыту семинарларын өткізеді.
Семинардың мақсаты – әзірленіп жатқан заң жобаларының сапасын арттыру және әлеуметтік-экономикалық салдарға бағалау жүргізу бойынша практикалық басшылық беру.