|
16.11.2020
1993 жылғы 15 қарашада айналымға теңге ұлттық валютасы енгізілді.
Бұл күн тарихи күн болды, өйткені Қазақстан осы әрекетпен өзінің тәуелсіз мемлекет мәртебесін растады. 1993 жылғы 3 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен қаржыгер Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс тобын құрған арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, қойылған міндеттердің сапалы орындалуын үнемі қадағалап отырды. Ұлттық валютаға атау беру мәселесі бойынша үлкен пікірталас барысында академик С.Такежановтың ұлттық валютаны "теңге" деп атау туралы ұсынысы бірауыздан мақұлданды. Теңге дизайнын жасауға атақты сәулетші, суретші Тимур Сүлейменов басшылық еткен үлкен авторлық ұжым тартылды. 1995 жылдан бастап купюралар Алматыдағы банкнот фабрикасында, ал монеталар Өскемендегі Теңге сарайында басылып шығады. ![]()
Қарау саны: 2105 Өзекті
8
триллион
теңге кіріс жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түстіНақтырақ
9
пайыз
— бір жыл ішінде Қазақстанда жаңа автомобильдер сатылымының өсуі
Нақтырақ
87
мың
вакансия шілде айында электрондық еңбек биржасында жарияланды Нақтырақ
20
пайыз
— 5 жылда 10 ірі қалада 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын жоспарлы қысқартуНақтырақ
|
|