|
25.11.2020
1999 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің қарарымен 25 қарашаны Әйелдерге көрсетілетін зорлықты жою үшін күрес жүргізудің халықаралық күні деп жариялады.
БҰҰ үкіметтерге, халықаралық ұйымдарға және үкіметтік емес ұйымдарға осы күні қоғамдастықтың аталған мәселеге назарын аударуға бағытталған іс-шараларды өткізуді ұсынды. БҰҰ деректері бойынша әлемдегі әйелдер мен қыздардың 35% өмір бойы физикалық және/немесе жыныстық сипаттағы зорлықтың белгілі бір нысанынан зардап шегеді. Әйелдер мен қыздар адамдармен сауда жасаудың барлық құрбандарының 71%-ын құрайды. Әйелдерге қатысты зорлық адам құқықтарының бұзылуы болып табылады және осы құбылысқа толық қоғамдық қабылдамау және тиісті заңнамалық база тиесілі. Қазақстан бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі алғашқылардың бірі болып гендерлік теңдіктің даму негізін қалайтын бірқатар маңызды құжаттарды қабылдады: Гендерлік теңдік стратегиясы (2006), сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы (2016), оны әзірлеуге БҰҰ жетекші сарапшылары белсенді қатысты. 2016 жылдан бастап Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту саласында көшбасшы болып келетін елдердің тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық ҮЕҰ бастамасымен құрылған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жұмыс істейді. Орталық үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік міндеттерді - барлық зорлық нысандарын жою бойынша жұмысты қамтитын әлеуметтік жобаларды іске асырды.
Қарау саны: 1854 Өзекті
8
триллион
теңге кіріс жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түстіНақтырақ
9
пайыз
— бір жыл ішінде Қазақстанда жаңа автомобильдер сатылымының өсуі
Нақтырақ
87
мың
вакансия шілде айында электрондық еңбек биржасында жарияланды Нақтырақ
20
пайыз
— 5 жылда 10 ірі қалада 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын жоспарлы қысқартуНақтырақ
|
|