|
23.12.2020
2020 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 14,1 млн.шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын, алайда жыл соңына дейін жоспардан артық - 15 млн. шаршы метр (150 мың тұрғын үй) салу күтілуде.
Тұрғын үйдің басым бөлігі немесе шамамен 10,9 млн.шаршы метр немесе 89,6% - ын жеке құрылыс салушылар мен халыққа пайдалануға берілген. Мемлекеттік сектор тұрғын үйді іске қосудың жалпы көлемінің 9,7% - ын алады (немесе шамамен 1,2 млн.шаршы метр). Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшылар Нұр-Сұлтан қаласы (157,1%), Шығыс Қазақстан (118,8%), Қарағанды (117,4%), Солтүстік Қазақстан (112%), Түркістан (110,8%) облыстары болып табылады. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы еліміздің 15 өңірінде байқалады: Шығыс Қазақстан (118,8%), Қарағанды (117,4%), Солтүстік Қазақстан (112%), Түркістан (110,8%), Қостанай (106,6%), Маңғыстау (105,8%), Ақтөбе (104,7%), Жамбыл (104,3%), Алматы (103,2%), Ақмола (102,8%), Павлодар (101,4%), Батыс Қазақстан (100,3%), облыстар мен Нұр-Сұлтан (157,1%), Шымкент (104,2%) және Алматы (101,9%) қалалары. ![]()
Қарау саны: 1717 Өзекті
8
триллион
теңге кіріс жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түстіНақтырақ
9
пайыз
— бір жыл ішінде Қазақстанда жаңа автомобильдер сатылымының өсуі
Нақтырақ
87
мың
вакансия шілде айында электрондық еңбек биржасында жарияланды Нақтырақ
20
пайыз
— 5 жылда 10 ірі қалада 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын жоспарлы қысқартуНақтырақ
|
|