|
08.04.2021
2021 жылғы қаңтар-наурыз аралығында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 69,2 млрд теңгеге орта есеппен 437,2 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы наурызда жәрдемақының бұл түрін 444,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,6 млрд теңгеге алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. 2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 бала) дейін сараланды, 8 балаға – 93344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге.
Қарау саны: 1646 Өзекті
8
триллион
теңге кіріс жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түстіНақтырақ
9
пайыз
— бір жыл ішінде Қазақстанда жаңа автомобильдер сатылымының өсуі
Нақтырақ
87
мың
вакансия шілде айында электрондық еңбек биржасында жарияланды Нақтырақ
20
пайыз
— 5 жылда 10 ірі қалада 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын жоспарлы қысқартуНақтырақ
|
|