26.04.2021

Мұнан бөлек, басқарма қоймаларында ресейлік «Спутник-V» препаратын қоса алғанда, вакцинаның 55 мыңға жуық дозасы бар.
 
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың атап өтуінше, елорда тұрғындары «Спутник-V» мен «QazVac» вакциналарының бірін таңдай алады. Күніне 6 мың адамға дейін екпе салынады. Бастапқыда тұрғындар вакцинаға сақтықпен қарады.

Сонымен қатар ведомство басшысы сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктерін ашудың тиімділігін де атап өтті. Бүгін елордада вакцинация пунктері «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр» және «Абу-Даби Плаза» сауда орталықтарында ашылған. Оларда күніне 250-ге жуық адам екпе алады. Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, халықты вакцинамен кең қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен вакцинация пунктерінің саны 36-дан 100-ге дейін арттырылды.
 
Сондай-ақ медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары үшін жұмыс уақыты 8:00-ден 24:00-ге дейін, сауда және ойын-сауық орталығында - сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ұлғайтылды.


Қарау саны: 1737
Сақталған: 26.04.2021




Өзекті

8 триллион теңге кіріс жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түстіНақтырақ
9 пайыз — бір жыл ішінде Қазақстанда жаңа автомобильдер сатылымының өсуі Нақтырақ
87 мың вакансия шілде айында электрондық еңбек биржасында жарияланды Нақтырақ
20 пайыз — 5 жылда 10 ірі қалада 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын жоспарлы қысқартуНақтырақ




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!