|
06.08.2020
Шілде айында 1 млн-ға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖ режимі мен коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі карантиндік шаралар кезеңінде азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын алушылардың тізімі кеңейтілді. Азаматтардың байланыстарын азайту және COVID-19 таралуын болдырмау үшін жиынтықтар балама ақшалай төлемдермен алмастырылды. 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар төлем алушылар болып табылады: – атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; -медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; – медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер; – мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар; -жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар. ![]()
Қарау саны: 1884 Өзекті
8
триллион
теңге кіріс жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке түстіНақтырақ
9
пайыз
— бір жыл ішінде Қазақстанда жаңа автомобильдер сатылымының өсуі
Нақтырақ
87
мың
вакансия шілде айында электрондық еңбек биржасында жарияланды Нақтырақ
20
пайыз
— 5 жылда 10 ірі қалада 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларын жоспарлы қысқартуНақтырақ
|
|