"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ пікірталас клубының жұмысы шеңберінде "Өңірлік саясаттың өзекті мәселелері" тақырыбында отырыс өтті.
04.02.2020
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ пікірталас клубының жұмысы шеңберінде "Өңірлік саясаттың өзекті мәселелері" тақырыбында отырыс өтті. Отырысқа Ұлттық экономика министрлігінің, облыс әкімдіктерінің қызметкерлері және "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының, "Nur-Otan" партиясының Қоғамдық саясат институтының, Yevniy consulting group-тың, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының, "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының, "Астана" ХҒК бәсекеге қабілеттілік орталығының және т. б. сарапшылары қатысты. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өңірлік даму бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысады. Институт сарапшылары Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және аумақтық даму жөніндегі басқа да маңызды құжаттарды әзірлеуге тікелей қатысты. Сонымен қатар, өңірлік даму саласында бірқатар өзекті мәселелер мен міндеттер бар. Мемлекеттің, сараптама қоғамдастығының және халықтың ынтымақтастығы мен тартылуы олардың тиімді шешімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарау саны: 1684 |
|
|