Фискалдық саясатты зерттеу
Институт елдегі салықтық және бюджеттік саясатта болып жатқан өзгерістерді үнемі қадағалап отырады.
Институт салық жүйесі мен салықтық әкімшілендіру мәселелерін зерттеумен,
салықтық және салықтық емес түсімдерді талдаумен, салықтық әлеуетті бағалаумен,
сондай-ақ бюджеттік жүйенің дамуы, бюджетаралық қатынастар, бюджет және
бюджеттік процесс мәселелерін зерттеумен айналысады.
Біздің
артықшылықтарымыз
Салықтық және бюджеттік саясаттағы өзгерістерді бағалау үшін Институт
келесі талдау құралдарын қолданады:
- Салықтық
жүктеменің шекті деңгейлерін бағалау үшін өндірістік-институционалдық
функциялар мен Лаффер қисығын пайдаланып, фискалдық талдау әдістерін
қолдану;
- Төрт
деңгейлі бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін талдау, сондай-ақ бюджетке
қосымша салықтық түсімдерді есептеу үшін SQL (Structured Query Language)
бағдарламалау тілін пайдалану.
Біздің
жобаларымыз
- Қазақстан
Республикасында кешенді салық реформасын іске асыру және салық жүйесін
реформалаудың әсерін бағалау.
- Фискалдық
басқаруға интеграцияланған көзқарас.
- Жеке
табыс салығын реформалаудың макроэкономикалық әсерін бағалау, еңбекақы
төлеу қорына салық жүктемесінің оңтайлы деңгейін анықтау, жергілікті
салықтардың, алымдардың және төлемдердің тиімділігін бюджетаралық
қатынастарды ескере отырып талдау.
- Салықтық
әлеует және салықтық алшақтық.
- Парафискалдық
төлемдер және олардың тиімділігін бағалау.
- Салықтық
әкімшілендірудің ШОБ дамуына әсерін талдау.
- Мемлекеттік
қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен бюджеттік тәуекелдер туралы
аналитикалық есеп дайындауға аналитикалық қолдау көрсету.
- Электрондық
саудамен тауарлар сату, электрондық түрде қызмет көрсету кезінде шетелдік
компанияның салық салу ерекшеліктері (мысалы, «Алибаба.ком (РУ)» ЖШҚ
үшін).
- Мемлекеттік
шаралардың темекі шегу деңгейін төмендетуге әсерін талдау («Филип Моррис
Қазақстан» ЖШС үшін).
- Қазақстан
үшін фискалдық орталықсыздандыруды
зерттеу (Азия даму банкі үшін).
Қарау саны: 15
Сақталған: 17.01.2025