Макроэкономикалық зерттеулер

Қызметтің негізгі бағыттары

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары Қазақстанның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға даму бағдарламаларын, стратегияларын және макроэкономикалық болжамдарын әзірлеу кезінде сараптамалық-талдамалық қолдау көрсету болып табылады.

Экономикалық зерттеулер институты ұлттық экономиканың даму мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанға ықпалына бағалау мен болжам жасай отырып, әлемнің жүйе құрушы елдерінің, Қазақстанның сауда серіктестері елдерінің экономикаларын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Макроэкономикалық модельдеу және болжамдау құралдарының кешенін әзірлеу және жетілдіру салдарынан сарапшылар макроэкономикалық саясат саласында ғылыми негізделген шешімдерді/ұсынымдарды/ұсыныстарды береді. Сондай-ақ кірістер, жұмысбастылық, салық саясаты, жобалық басқару, инклюзивтік даму мәселелері, елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Біздің артықшылығымыз

Экономикалық зерттеулер институтында қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге макроэкономикалық модельдеу және болжамдау құралдарының кешені әзірленеді және қолданылады: 
· Салааралық теңгерім моделі (САТ); 
· Есептелетін жалпы тепе-теңдік моделі (СGE); 
· ҚР өңірлік моделі; · Ұзақ мерзімді макроэкономикалық болжамдау моделі (ҰМБ); 
· Қазақстанның ұзақ мерзімді демографиялық моделі; 
· ҚР дамуының орта мерзімді тоқсандық макроэкономикалық болжамдау моделі; 
· Қысқа мерзімді болжамдауға арналған жиынтық-озушы индикатор (ЖОИ). 
Институт қызметкерлерінің жоғарыда аталған модельдерді әзірлеу және өзектендіру бойынша растау сертификаттары бар.

Бұл ел экономикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейде де өзара байланысын модельдеуге және болжамдарды әзірлеуге, экономикадағы макроэкономикалық тәуекелдер мен теңгерімсіздіктерді уақтылы және жедел айқындауға мүмкіндік береді. Елдің макроэкономикалық дамуының сценарийлік болжамдары бойынша алынған нәтижелер мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесінде пайдаланады. Осылайша, макроэкономикалық модельдеу және болжамдау нәтижелері Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық экспорттық стратегия сияқты стратегиялық құжаттардың нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің негізін құрады.

Сонымен бірге, Экономикалық зерттеулер институты макроэкономикалық модельдеу және болжамдау құралдарының негізінде тұрақты негізде Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің, Ұлттық экономика министрлігінің және басқа мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша елдің жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатының макроэкономикалық ықпалын бағалау бойынша есептеулер жүргізеді.

Біз макроэкономикалық модельдеу және болжамдау саласындағы халықаралық институттармен және ірі компаниялармен сараптамалық байланыстарды қолдаймыз:
  • ДБ (Дүниежүзілік Банк)
  • АБР (Азия Даму Банкі)
  • ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) 
  • Бірлескен вена институты (ОВИ, JVI) – ОШЕ елдері
  • Балтия елдері мен Балкан елдері
  • ТМД мүше елдері, экономикасы ауыспалы Азия елдері және т.б. мемлекеттік пен жеке сектор мамандары үшін кәсіби дайындық жүргізу; 
  • Жыл сайынғы миссия
  • ЕЭК (Еуразиялық экономикалық комиссия)
  • Қызметкерлер «Макроэкономикалық модельдеу және болжамдау» жұмыс тобының «Қысқа мерзімді болжамдау», «Орта мерзімді болжамдау» және «Ұзақ мерзімді болжамдау, интеграцияның өзара ықпалы мен әсерлерін бағалау» бағыттары бойынша мүшелері болып табылады.
  • ЕҚКДБ (Еуразиялық Қалпына Келтіру және Даму Банкі) 
  • РҒА ҰБИ (Ресей Ғылым академиясының Ұлттық шаруашылық болжамдау институты 
  • РФ ЖЭМ ҰЗУ (Жоғары экономика мектебі )
  • McKinsey (Халықаралық консалтинг компаниясы) 
  • Focus Economics (Халықаралық консалтинг компаниясы) ü DIW ECON (Неміс консалтинг компаниясы) 
  • ECO (Economic Corporation Organization) және басқасы. 
Кәсіби сараптамалық қоғамдастық шеңберіндегі мұндай байланыстар Экономикалық зерттеулер институтының болжау қызметін үйлестіруге және сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.


Қазіргі уақытта Экономикалық зерттеулер институтында аталған бағыт бойынша 10-нан астам ғылымии жұмыскер, оның ішінде, бір экономика ғылымдарының докторы, екі экономика ғылымдарының кандидаты, жеті ғылым магистрі, ММУ, Назарбаев Университетінің, ҚазҰУ, шетелдік ЖОО түлектері жұмыс істейді. Біздің сарапшылар ХВҚ Бірлескен Вена Институты, Назарбаев Университеті, Дүниежүзілік Банктің, Жоғары экономика мектебінің құрылымы және т.б. сияқты түрлі отандық пен шетелдік зерттеу ұйымдары мен қаржы институттарында біліктілігін арттырды

Біздің жобалар

- Макроэкономикалық модельдеу және болжамдау құралын жетілдіру; 
- Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру тұжырымдамасын әзірлеу;
- Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің іргелі факторлары мен детерминанттарын зерттеу және жалпы тепе-теңдік пен салааралық теңгерім модельдерінің құралын пайдалана отырып, әлемдік экономика және жаһандық нарықтар форсайты тұрғысынан Қазақстанның 2050 жылға дейінгі тұрақты дамуының макроэкономикалық болжамын әзірлеу;
- Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясаты;
- Қазақстан экономикасы үшін сыртқы қауіптер мен тәуекелдерді айқындай отырып, қазақстандық және әлемдік экономиканың, әлемдік қаржы жүйесінің, әлемдік тауар нарықтарының ағымдағы даму үрдістерін зерттеу; 
- Дамуды болжамдаудың жедел қысқа, орта мерзімді макроэкономикалық моделін әзірлеу; 
- Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін ынталандыру бойынша бағдарламаның әзірленуін сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу; 
- Модельдеу құралдарын дамыту мен жетілдірудің ішкі және сыртқы шарттарын зерттеу арқылы ҚР ӘЭДБ әзірленуін талдамалық сүйемелдеу; 
- ЖТС реформалаудың макроэкономикалық әсерлерін бағалау, ЕАҚ-қа салық жүктемесінің оңтайлы деңгейін анықтау, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды ескере отырып, жергілікті салықтардың, алымдардың және төлемдердің тиімділігін талдау; - Қазақстан Республикасының инклюзивтік дамуына жәрдемдесу шараларын әзірлеу; 
- Жобалық басқарудың басым бағыттары бойынша бастамалардан туындайтын макроэкономикалық әсерлерді бағалау әдістемесін әзірлеу; 
- Модельдеу құралдарын дамыту мен жетілдірудің ішкі және сыртқы жағдайларын зерттеу арқылы ҚР ӘЭДБ әзірленуін талдамалық сүйемелдеу; 
- Орта мерзімді перспективада Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа жаһандық тәуекелдердің ықпалын зерттеу, макроэкономикалық салдарлар болжамдарының нұсқалары, экономикалық саясатты түзету ұсынымдары; 
- Эконометриялық модельдерді және САТ моделін пайдалана отырып, мемлекет пен мемлекеттік шығыстардың Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсу факторларына ықпалының әсерлерін зерттеу мен бағалау

Халықаралық жобалар

- Азия Даму Банкі (АДБ) мен Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институты (ЭЗИ АҚ) арасындағы «Good Jobs for Inclusive Growth in Central and West Asia» (2015-2017 жылдар) тақырыбындағы зерттеуге қосқан бірлескен үлесі үшін білім беру саласындағы әріптестік; 
- Сарапшылардың Ресей ғылым академиясы Ұлттық шаруашылық болжамдау институтының «БЭК пен Украина секторлары бөлінісінде экономикалық және технологиялық кооперация» тақырыбындағы халықаралық зерттеу жобасын орындауға қатысуы, 2013 жыл; 
- Сарапшылардың OECD’s Multidimensional Country Review of Kazakhstan «Inequality and the Middle class in Kazakhstan» халықаралық зерттеу жобасын орындауға қатысуы

Қарау саны: 3068
Сақталған: 18.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!