Бәсекелес ортаны зерттеу орталығы
Кәсіпкерлікті дамыту
Қызметтің негізгі бағыттары
Экономикалық зерттеулер институты «ақылды» реттеу қағидатын енгізе отырып, реттеушілік саясатты жетілдіру, инвестициялық жобалардың басқарылуын экономикалық талдау, ҚР экономикасындағы индустриялық-инновациялық саясат, Қазақстан экономикасының салалары бөлінісінде реттеушілік саясаттың жағдайын талдау, өңірлерде іскерлік климатты талдау салаларында зерттеу жүргізген.
Сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде позицияларын жақсарту бойынша сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу және техникалық қолдау жүзеге асырылады.
Біздің жобалар
- Еуразиялық экономикалық одақта шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жағдайларды бағалау әдістемесін әзірлеу және апробациялау (Еуразиялық бизнес-барометр);
- Рұқсат беру рәсімдерін (құжаттарын) және хабарламаларды түгендеу, оңтайландыру және жіктеу бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленген,
- Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидалары, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу жағдайы туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары дайындалды,
- Ақпараттық құралдарға түгендеу жүргізу әдістемесі, Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді басқару жүйесін және тексеру парақтарының нысандарын қалыптастыру қағидалары, Қазақстан өңірлерінде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жағдайларды бағалау және салыстыру әдістемесі әзірленді.
Қарау саны: 2150
Сақталған: 28.07.2020