Достар, біз Өңірлік әл-ауқат индексінің 2023 жылғы нәтижелерін жариялауды бастаймыз, онда екі жыл ішінде әр өңірде болған өзгерістерді талдаймыз.
Өңірлік теңсіздік дамыған елдерде де, дамушы елдерде де күрделі проблемаға айналуда.
Соңғы онжылдықтарда елдер ішіндегі аумақтар арасындағы теңсіздікті азайтуға бағытталып әзірленетін аумақтық-бағдарланған шаралар санының тұрақты өсуі байқалады.
Аумақтық поляризацияның өсуі елдің экономикалық әлеуетін шектеп, әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін. Бұл ретте артта қалған өңірлердің болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың пайдаланылмаған әлеуетінің орасан зор көзін білдіреді.
Екінші жыл бойы Экономикалық зерттеулер институты құрастырған Өңірлік әл-ауқат индексі өңірлік экономикалар мен қауымдастықтарды бағалауды, статистикалық және сауалнамалық айнымалыларды қамтиды.
Өңірлік әл-ауқат индексі әл-ауқат пен теңсіздіктің толық және шынайы көрінісін алуға ықпал етуі мүмкін.
Өңірлік әл-ауқат индексі Азия даму банкімен бірлесіп, Еуропалық әлеуметтік сауалнама, Дүниежүзілік құндылықтарға шолу және Еуропалық құндылықтарды зерттеу сияқты сауалнама деректері арқылы әл-ауқатты өлшеу бойынша да, ЭЫДҰ-ның Жақсы өмір индексі сияқты әл-ауқат индекстерін есептеу бойынша да озық тәжірибені жан-жақты зерттеу негізінде әзірленді.
Өңірлік әл-ауқат индексі материалдық өмір сүру жағдайларын бағалауды, өмір сапасын бағалауды және субъективті әл-ауқат деңгейін (өмірге қанағаттану) өлшеуді қамтиды.
Қазақстанның Өңірлік әл-ауқат индексі өңірлік проблемалар мен өңірлердің даму факторларын түсінудің диагностикалық құралы ретінде өзінің тиімділігін көрсетті.
Өңірлік теңсіздікті зерттеу саясатты әзірлеуге жаңа перспективалар әкелуі мүмкін және әр аумақтың әлеуетін пайдаланатын өңірлердің ерекшелігін, айырмашылығын ескеретін шаралар қабылдауға көмектеседі.
|