Урбанизация – бұл әлемдік экономикалық дамудың жаңа кезеңін көрсететін жаһандық тренд.
Елдің өңірлік саясаты басқарылатын урбанизацияны ескере отырып, "өсу нүктелерін" дамытуды және өңірлік стандарттар негізінде өмірдің базалық сапасын қамтамасыз етуді көздейді.
Өмір сапасы – бұл қалалардың даму деңгейінің маңызды және кешенді көрсеткіші. Урбанизация деңгейінің өсуімен өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері өзекті бола түсуде.
2030 жылға қарай урбанизация деңгейі 65% жетеді деп болжануда. Бұл тұрғыда қалаларды дамыту, олардың инфрақұрылымы, ыңғайлылық және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселелер ерекше маңызды.
Қалаларда өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу үшін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ, Өңірлерді зерттеулер орталығы 2020 жылы қалаларда өмір сүру сапасының мерзімді ұлттық рейтингін әзірледі, оны жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Рейтинг нәтижелерін жариялау қалалардың маркетингтік стратегиясының бөлігі болуы мүмкін: жоғары позициялар олардың халықаралық имиджін жақсартады.
Сонымен қатар, өмір
сапасы рейтингі қоғамның назарын өңірлік дамудың маңызды проблемаларына
аударады, қала құрылысы стратегияларын талқылауды ынталандырады және
қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттырады. Бұл зерттеу көрсеткіштер жүйесіне
негізделген басқару шешімдерін қабылдау арқылы халықтың сұраныстарына және қала
дамуындағы мәселелерге жауап табуға көмектеседі.
|