Стратегиялық жоспарлау

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттарының бірі – стратегиялық жоспарлау саласындағы зерттеулерді жүзеге асыру.

Біздің артықшылықтарымыз

Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін (бұдан әрі – МЖЖ) жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Экономикалық зерттеулер институты құжаттарды әзірлеуден бастап, олардың іске асырылу тиімділігін бағалауға дейінгі МЖЖ құжаттарын іске асыру процестеріне сараптамалық және әдістемелік қолдау көрсету саласында көпжылдық тәжірибеге ие.

«ЭЗИ» АҚ сарапшыларының қатысуымен келесі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірленді:

  • Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы;
  • Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары;
  • Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары;
  • Ұлттық жобалар (кәсіпкерлікті дамыту бойынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатына бағытталған тұрақты экономикалық өсім»);
  • Салалар мен бағыттарды дамыту тұжырымдамалары (Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы) және т.б.
Біздің жобалар
  • ҚР-ның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының реформалары мен басым саясаттарының іске асырылу барысын талдау;
  • стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, мониторинг жүргізу, іске асыру және бағалау бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу үшін сараптамалық-аналитикалық қолдау;
  • МЖЖ құжаттарын мониторингтеу, бағалау және қайта қарау;
  • бюджеттік және стратегиялық жоспарлауды үйлестіру;
  • Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын мониторингтеу процесіне сараптамалық-аналитикалық сүйемелдеу.
Халықаралық ынтымақтастық

Экономикалық зерттеулер институты стратегиялық жоспарлау саласында халықаралық компаниялармен (Boston Consulting Group, McKinsey and Company, Strategy Partners және т.б.) бірлескен зерттеулер жүргізді.

Бәсекеге қабілеттілікті талдау

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік деңгейін кешенді талдау.


Біздің артықшылықтарымыз

Экономикалық зерттеулер институты 2008 жылдан бері Қазақстанның IMD бәсекеге қабілеттілік рейтингіне енуін қамтамасыз ету мақсатында сауалнамалар өткізіп, сапалы статистикалық мәліметтер ұсыну бойынша Халықаралық менеджментті дамыту институтының ресми серіктесі және операторы болып табылады.

Сонымен қатар:

  • Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі бәсекеге қабілеттілігі мәселелері бойынша жинақталған тәжірибе мен құзыреттіліктер (15 жылдан астам);
  • бәсекеге қабілеттіліктің 10-нан астам халықаралық рейтингін құрудың әдістемелік тәсілдері бойынша білім базасы;
  • халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау дағдылары, Үкімет пен Халықаралық менеджментті дамыту институты арасындағы коммуникацияны қамтамасыз ету.
Біздің жобалар
  • Қазақстанның Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) жыл сайынғы рейтингіне енуі;
  • 10-нан астам халықаралық рейтингтердің нәтижелері негізінде елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне кешенді мониторинг жүргізу және талдау, оны арттыру бойынша шаралар әзірлеу;
  • Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұлттық баяндама дайындау.

 

Қарау саны: 2729
Сақталған: 27.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!