Тұрақты даму мақсаттары

Институттың ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты – Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруды орта және ұзақ мерзімді перспективада сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, институт елде ТДМ-ды ұлттық деңгейге бейімдеу және жергілікті деңгейде жүзеге асыруды белсенді түрде қолдайды.

Іске асырылған жобалар және серіктестер:

  • 2018 ж. Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына тұрақты даму мақсаттарын интеграциялаудың кешенді бағасы, серіктес – БҰҰДБ
  • 2019 ж. Тұрақты даму мақсаттары бойынша ұлттық платформаны құру серіктестігі, серіктес – БҰҰДБ
  • 2020-2022 жж. Қазақстандағы ТДМ қаржыландыру стратегиясы, серіктес – БҰҰДБ
  • 2020 ж. Ақмола облысының жоспарлау және бюджеттеу құжаттарына гендерлік талдау жүргізу, серіктес – БҰҰ Әйелдер
  • 2021 ж. Балаларға арналған бюджет және Қазақстандағы балалар бақыты индексінің әдістемесін әзірлеу, серіктестер – ЮНИСЕФ, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
  • 2022 ж.:
    • Балалардың әл-ауқат индексі аясындағы шығындардың балалар қажеттіліктеріне бағытталған үлесін есептеу, серіктес – ЮНИСЕФ
    • Қазақстанның балалар әл-ауқаты индексін есептеу, серіктес – ЮНИСЕФ
    • ТДМ 4.2 құнының есептеу әдістемесін әзірлеу («2030 жылға дейін барлық қыздар мен ұлдардың даму, күтім және мектепке дейінгі сапалы білім алу жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету»), серіктестер – ЭСКАТО, ЮНЕСКО
    • ШОБ-ты ТДМ-мен үйлестірілген қаржыландыру стратегиясын әзірлеу, серіктес – ЭСКАТО
  • 2023 ж. Азия-Тынық мұхит аймағындағы гендерлік теңдікті ілгерілетудің өзгерісті бағдарламасын қолдау, серіктес – АДБ
  • 2023-2024 жж. Орталық Азия үшін ТДМ платформасын құру, серіктестер – Еуропалық Одақ, БҰҰДБ

Негізгі жетістіктер:

  • ҚР Үкіметінің ТДМ іске асыру бойынша екі Ерікті ұлттық шолуын дайындауға барлық мүдделі тараптармен бірге қатысу (БҰҰ-ның 2019 және 2022 жж. Жоғары деңгейдегі саяси форумында ұсынылған).
  • БҰҰДБ-мен бірлесіп, Орталық Азия үшін Тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік платформа әзірленді (https://central-asia-sdg-platform.github.io/www/).
  • Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға жылдам кешенді бағалау жүргізілді.
  • Қызылорда, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының стратегиялық жоспарлау құжаттарына жылдам кешенді бағалау жүргізілді.
  • Алматы қаласы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша республикалық және жергілікті деңгейде ТДМ қаржыландыруды қамту бағасы жүзеге асырылды.
  • ТДМ-ды жергілікті деңгейде бейімдеу әдістемесі әзірленді (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 2 қазандағы №2 бұйрығымен бекітілген).
  • Гендерлік аспектілерге басымдық бере отырып, ТДМ іске асыруға үлесін бағалау үшін бюджеттік бағдарламаларды белгілеу жүргізілді.
  • Бюджеттік бағдарламаларға климаттық белгілеу жүргізілді.
  • МИО құжаттарына гендерлік талдау әдістемесі әзірленіп, гендерлік талдау жүргізілді.
  • Балаларға арналған бюджет есептеу әдістемесі әзірленді.
  • Қазақстандағы балалар әл-ауқаты индексін есептеу әдістемесі әзірленді (ҚР Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы №21-р өкімімен бекітілген).
  • Балаларға мектепке дейінгі білім берудің құнын есептеу моделі әзірленді.
  • «Миссия 2030» іскерлік ойынының әдістемесі Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып бейімделді, бұл Тұрақты даму мақсаттары туралы хабардарлықты арттыруға және қоғамдық пікірді ескере отырып өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
  • Қазақстанның өңірлеріне арналған ТДМ индикаторлары тізбесінің жобасы әзірленді.

Қарау саны: 2323
Сақталған: 27.01.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!