05.04.2023
Ай сайын Қазақстан сыртқы нарыққа шамамен 4,5-6 млн. тонна қара алтын сатады. Бас тұтынушымыз әлі күнге дейін Еуропа елдері болып табылады. Алайда, соңғы 5-6 жылда Қазақстан жеткізілімдердің бір бөлігін Азия елдеріне, атап айтқанда Қытайға, Кореяға, Түркияға және Үндістанға жібере бастады.
Егер 2013 жылғы қаңтар мен 2018 жылғы наурыз аралығында Еуропа елдерінің орташа айлық үлесі 83% құраса, 2013 жылғы сәуір – 2022 жылғы ақпан айларында олардың үлесі 10 пайыздық тармаққа төмендеп, 73% құрады.
2022 жылдың басындағы әйгілі оқиғалар азиялық әртараптандыруды тездетті. Мәселен, 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың ақпанына дейін Еуропа елдерінің орташа айлық үлесі 63% құрады, ал Азия бағыттарында қазақстандық мұнайдың шамамен 35%-ы экспортталуда.
Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде отандық мұнайдың 42% Азияға экспортталды, бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысын тоқтатуына байланысты болуы мүмкін, ол арқылы мұнайдың 70-80% Еуропаға экспортталады.
Барлық мақалалар