05.04.2023
Республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2022 жылдың қаңтар, желтоқсан айларында 8,8%-ке қысқарды.
Ең үлкен төмендеу 2022 жылы енгізілген тұрғын үйдің төрттен бірінен астамын (26,6%) құрайтын Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
Алматыдағы көрсеткіштер 34,6%-ке немесе 1,7 млн шаршы метрге дейін төмендеді. Астанада тұрғын үй құрылысы 24,7%-ке азайды (2,3 млн м. кв). Ұлытау облысында төмендеу 29,6%, Маңғыстау облысында – 15,1%, Солтүстік Қазақстан облысында – 13,1% құрады.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ел бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 15,4 млн шаршы метрді құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда шамамен бір жарым миллионға аз.
Аймақтық бөліністе тұрғын үйлердің басым бөлігі Астана (2,3 млн шаршы метр), Алматы (1,7 млн шаршы метр) және Ақтөбе облысы (1,2 млн шаршы метр) қалаларында пайдалануға берілді.
Мұндай қысқарудың басты себебі халық үшін тиімді ипотекалық құралдардың жетіспеушілігі болып табылады, өйткені бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алудың негізгі үлесі ипотекалық несиелерге тиесілі.
Құрылыс көлемінің төмендеуіне тұрғын үй сатып алуға Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша жеткіліктіліктің ең төменгі шегі де айтарлықтай әсер етті.
Тұрғын үй нарығының тоқырауының басқа себептерінің қатарына құрылыс материалдарының қымбаттауын, инфрақұрылым құрылысының артта қалуын, тұрғын үй бағасының өсуін және т.б. мәселелерді атап өтуге болады.
Айта кету керек, тұрғын үй нарығындағы қиындықтар 2023 жылы жалғасуы мүмкін. Бұған себеп: тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі. Жыл басынан бері халық арасында ең танымал "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру лимиттері айтарлықтай қысқарды.
Өмір сапасы орталығы сарапшысы
Садуахасова Диана
Барлық мақалалар