12.04.2023
Өнеркәсіп Қазақстан экономикасының жетекші салаларының бірі болып табылады. Саланың үлесіне елдің ЖІӨ-нің шамамен 29,7% тиесілі. Ел өңірлерінің экономикаларында өнеркәсіптің үлесі 50% асуы мүмкін (өнеркәсіптік облыстар).
Біріншіден, статистикалық деректерге сәйкес, егер 1991 жылы Қазақстанда шамамен 19 393 кәсіпорын болса, 2021 жылы – 14 065 кәсіпорын болған. Яғни, соңғы 30 жылда ел бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 25%-тен астамға азайды.
2017 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының саны бойынша өңірлердің рейтингі келесідей:
Екіншіден, 1 мыңнан астам өнеркәсіптік кәсіпорын ШҚО, Абай, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында орналасқан.
Бұл ретте Алматы қаласы еліміздегі өнеркәсіп кәсіпорындарының саны бойынша абсолютті көшбасшы болып табылады.
Мысалы, тағы екі миллионер қала – Астана мен Шымкент өнеркәсіп кәсіпорындарының саны бойынша 2,5-3 есе артта қалып отыр.
Үшіншіден, 2017-2021 жылдар кезеңінде өнеркәсіптің жаңа кәсіпорындары өсімінің ең жоғары қарқыны Алматы қаласында + 26,3%, СҚО +23,6%, Ақмола облысында +22,2% байқалады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының ең аз өсімі Жамбыл облысында +3,9%, Қызылорда облысында +1,7 және ШҚО-да (және Абай облысында) +0,3% байқалады.
Төртіншіден, кәсіпорындар санының үлесіне ел өңірлеріндегі халық санының үлесіне қатысты өңірлік айырмашылықтар байқалады. Мысалы, ел халқының 10,8% тұратын Түркістан облысында (2 орын) өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі 3,4% (13 орын) құрайды. Түркістан облысына қарағанда халық саны 3,7 есе аз СҚО-да өнеркәсіп кәсіпорындарының саны, керісінше, 1,7 есе көп.
Өнеркәсіпті, шағын индустрияландыруды дамыту жұмыс күші артық өңірлерде ресми жұмыспен қамтудың өсуі мен жергілікті халықтың табысының ұлғаюы факторына айналуы тиіс (өңдеуші өнеркәсіпте 1 Жұмыс орнын құру аралас салаларда 3 қосымша жұмыс орнын құрады).
Барлық мақалалар