17.04.2023
2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттер шағын орта кәсіпкерліктен корпоративтік табыс салығын (КТС) ала бастады.
Егер 2020 жылы жергілікті бюджеттердегі шағын орта кәсіпкерліктен түскен корпоративтік табыс салығы небәрі 481,6 млрд.теңгені (жергілікті бюджеттер кірістерінің 6,2%) құраса, онда 2022 жылы 2 еседен аса ұлғайып, 1 041,7 млрд. теңгені (13,5%) құрады, бұл өңірлердегі кәсіпкерлік белсенділіктің артқанын көрсетеді.
2020-2022 жылдары шағын орта кәсіпкерліктен түскен корпоративтік табыс салығы барлық аймақтарда оң серпінге ие. Дегенмен, өңірлердің бюджеттерінде аталмыш салық үлесін бөлу пропорционалды емес.
Талданатын кезеңде шағын орта кәсіпкерліктен түскен корпоративтік табыс салығы бойынша жалпы түсімдер құрылымындағы ең үлкен үлес мына өңірлерге тиесілі:
- Алматы қ. – орта есеппен 39,4%;
- Астана қ. – орта есеппен 17,7%;
- Атырау облысы – орта есеппен 6,6%;
- Алматы облысы – орта есеппен 5,4%.
Шағын орта кәсіпкерліктен түскен корпоративтік табыс салығының ең аз үлесі:
- Қызылорда облысы – орта есеппен 0,8%;
- Жамбыл облысы – орта есеппен 1,1%;
- Түркістан облысы – орта есеппен 1,2%;
- Солтүстік Қазақстан Облысы – орта есеппен 1,5%;
- Ақмола облысы – орта есеппен 1,8%.
Алайда, жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, аймақтар трансферттерге тәуелді болып қалуда: трансферттер түсімдері жергілікті бюджеттердің жартысынан астамын 2022 жылы – 52,7%, 2019 жылы – 57,5% иемденуді жалғастыруда.
Республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге субвенциялар 2019 жылмен салыстырғанда 2022 жылы айтарлықтай өсті:
- Ақтөбе облысы – 59,3%;
- Ақмола облысы – 22,6%;
- Батыс Қазақстан облысында – 18,1%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 17,7%.
Барлық мақалалар