24.04.2023
Соңғы 5 жылда Қазақстандағы көші-қон жағдайы халықтың көші-қонының теріс сальдосының төмендеуімен сипатталады: егер 2019 жылға дейін көші-қонның теріс сальдосы күшейіп, 32 970 адамды құраса, 2022 жылы ол 6 946 адамға дейін азайды.
Қазақстандағы 2017-2022 жылдардағы көші-қон сальдосының динамикасы
Ағынның төмендеуі 2020 жылы байқалады, бірақ бұл жерде COVID-19-ға байланысты жағдай әсер еткені белгілі.
Өңірлер бөлінісіндегі көші-қон үрдістерін талдау Қазақстанның 5 өңірінде көші-қон сальдосының (Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Маңғыстау, Алматы облыстары) оң мәнге ие болғанын, яғни халықтың ағыны байқалғанын көрсетті (1-кесте).
Өңірлерді 2022 жылғы көші-қон үрдістері бойынша саралау
Басқа өңірлерде әртүрлі қарқындылықтағы халықтың механикалық ағымы байқалады:
- 6 өңірде – Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ағынның орташа қарқындылығы (10,0 мың тұрғынға шаққанда 50 адам шегінде);
- 9 өңірде – Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Түркістан облыстарында ағынның жоғары қарқындылығы (10,0 мың тұрғынға шаққанда 50 адамнан жоғары). Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстары.
Көші-қон факторларының бірі жұмыспен қамту мүмкіндігі және өңірлердегі еңбек нарығындағы жағдай болып табылады (2-кесте).
2-кесте-ҚР еңбек нарығындағы жағдай (11.04.2023 ж.)
Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді талдау Қазақстанның еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы (түйіндемені саны) оған сұраныстан (бос жұмыс орындарының саны) жоғары болған кездегі жұмыс күшінің профицитімен сипатталатынын көрсетті. Өңірлік тұрғыда еңбек нарығындағы жағдайды талдау 5 облыста (Абай, Ұлытау облыстары, Қарағанды облысы, Астана және Шымкент қалалары) жұмыс күшінің артығы шамалы (жағдай тепе-теңдікке жақын) екенін көрсетті.
7 өңірде (Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қ.) еңбек профициті жоғары. Бұл өңірлерде 1 бос орынға шамамен 2 түйіндемеден келеді.
Қалған 8 облыста (Жетісу облысы, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) айтарлықтай артық жұмыс күші бар:1 бос орынға 3-тен 5-ке дейін түйіндемеден келеді.
Еңбек нарығы мен көші-қон үрдістеріндегі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өңірлердегі жұмыспен қамту мүмкіндігінің халықтың көші-қон мінез-құлқына қалай әсер ететінін бағалауға мүмкіндік береді.
Еңбек нарығындағы жағдайдың және көші-қон үрдістерінің арақатынасы
Еңбек нарығындағы жағдай мен көші-қон тенденцияларының арақатынасы Астана және Шымкент қалаларына келетін тұрғындардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жоғары болатынын көрсетті. Бұл аталмыш қалаларға халықтың ағылуының басты факторы болса керек.
Алматы қаласына, Маңғыстау және Алматы облыстарына келетін халық еңбек нарығындағы бәсекелестікке түседі және жұмыссыздыққа тап болуы мүмкін. Қарағанды облысы, Ұлытау және Абай облыстары сияқты өңірлерде теңдестірілген еңбек нарығына қарамастан салыстырмалы түрде халықтың кетуі байқалады. Шамасы, бұл өңірлердегі халықтың кетуі жұмыспен қамту проблемаларымен байланысты емес.
Көші-қонның басқа факторлары кірістер, жұмыспен қамту, тұрғын үй, әлеуметтік қызметтердің сапасы және т.б. сияқты объективті мотивтер болуы мүмкін немесе бұл адамның жеке мотивтерімен байланысты көші-қонның субъективті факторлары.
Қалған 12 өңірде облыс халқы еңбек нарығында профицитке (еңбек күшінің артықтығы) тап болады, бұл өңірлерден халықтың кетуіне себеп болуы мүмкін. Осы өңірлердегі еңбек артықтығының негізінде өндірісті өсіру, экономиканы әртараптандыру және тиісінше жұмыс орындарын құру секілді экономикалық сипаттағы проблемалар жатыр.
Бұл мәселелерді шешу өңірлердегі көші-қон ахуалының жақсаруына алып келеді және халықтың механикалық ағынын азайтады.
Барлық мақалалар