Өңірлік теңсіздікті зерттеу: Даму тұзағының индексі

15.05.2023

Еліміздің батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі, қала орталықтары мен қала маңындағы аудандар арасындағы алшақтықтың артуына байланысты Қазақстандағы өңірлік теңсіздік мәселелері бірінші кезектегі маңыздылыққа ие. Бұған дейін өңірлік теңсіздікті өлшеу әдіснамасының әртүрлі аспектілері ұсынылған болатын.

Бұл материалда өңірлік айырмашылықтарды өлшеудің кең таралған әдістерінің бірі – даму тұзағының индексі қарастырылады.

Даму тұзағының индексі экономикалық тоқырауға ұшырау қаупін көрсетеді және келесі артықшылықтарға ие:
  • индекс өткен өсу көрсеткіштерімен негізделмеген, бұл әртүрлі траекториялардан тоқырауға жақындаған төмен көрсеткіштері бар өңірлерді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл бізге өңірлерге және олардың бұрынғы экономикалық даму траекторияларына тән біртектілікті ескеруге мүмкіндік береді;
  • индекс тек жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша даму тұзақтарын анықтаумен шектелмейді. Ол тұзақ пішінін егжей тегжейлі көрсету үшін өнімділік пен жұмыспен қамту көрсеткіштерін қамтиды;
  • салыстырмалы ауытқулар (яғни үдеулер мен баяулаулар) индексте өңірдің өткен көрсеткіштерінен ғана емес, Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден де ерекшеленеді. Ауытқулардың бұл анықтамасы индексті барлық өңірлерге ортақ күйзелістерден тәуелсіз етеді. Олар ұлттық саясаттағы өзгерістер мен елге тән әсерлерді қамтуы мүмкін. Осылайша, алынған индекс нақты өңірге тән вариацияларды барынша көрсетеді;
  • индекс өңірлердің кіріс деңгейіне тәуелді емес, бұл барлық өңірлерді даму тұзағына түсу қаупі бар деп қарауға мүмкіндік береді. Бұл салыстырмалы түрде индустриалды дамыған өңірлер мен екінші деңгейлі қалаларға тән экономикалық тоқырауға баса назар аударатын өңірлік даму мәселелеріне қатысты қазіргі зерттеулерге сәйкес келеді.

Алынған даму тұзағының индексі өңірлік даму тұзағының интуитивті және динамикалық тұжырымдамасы болып табылады және жылдар бойы тұзаққа түсу қаупінің эволюциясы туралы маңызды түсінік бере алады.

Даму тұзақтарының индексі бойынша теңсіздікті бағалау үш айнымалы арқылы есептеледі: 
  • жан басына шаққандағы ЖӨӨ, 
  • еңбек өнімділігі, 
  • жұмыспен қамту деңгейі.

2021-2022 жылдары Азия даму банкі жүргізген Қазақстандағы өңірлік теңсіздікті зерттеу шеңберінде даму тұзақтарының индексі арқылы теңсіздікті өлшеу жүргізілді. Талдау 1998 жылдан 2020 жылға дейінгі мәліметтер бойынша жүргізілді.

Талдау кезінде даму тұзағына түсу қаупі бойынша өңірлердің екі санаты бөлінді: 50%-ке дейін және 50%-тен жоғары. Балдар әр өңір үшін 2005, 2010, 2015, 2020 жылдары есептелді.

Талдауға сәйкес, 2005 жылдан 2015 жылға дейін тұзаққа түсу қаупі жоғары өңірлердің саны өсті. 2005 жылы өңірлердің жартысына экономикалық тоқырау қаупі жоғары болды. 

2010 жылға қарай осы санаттағы өңірлердің саны аймақтардың жалпы санының 25% дейін қысқарды, бұл көптеген өңірлерде экономикалық динамизм кезеңі қайта басталғанын көрсетеді. 

Алайда, 2015 жылға қарай даму тұзағына түсу қаупі жоғары өңірлердің үлесі 90% және одан жоғары деңгейге көтерілді. 2020 жылы 7 өңірде тұзаққа түсу қаупінің төмен және орташа деңгейі бар, бұл өңірлердің жалпы санының 42% – на сәйкес келеді, ал 10 өңірде салыстырмалы түрде жоғары тәуекел 50% -тен асады немесе өңірлердің жалпы санының 58%-ін құрайды.


Даму тұзағының индексін қолданудың ыңғайлылығы мынада: тәуекел балдарын жылдар бойынша статистикалық бағалау жүргізіледі, сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында орта есеппен қай аймақтардың жоғары тәуекел шекарасында болу ықтималдығы анықталады.

Егер кезеңдегі орташа мәнді қарастыратын болсақ, 1998-2020 жылдары өңірлік дамудың тұзағына түсу қаупі ең жоғары аймақтар:
  • батыста Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, 
  • оңтүстікте Қызылорда және Түркістан облыстарында, 
  • солтүстікте Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, 
  • республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында.


Маңызды тұжырым – табыс деңгейі дамудың тұзағына түсу мәртебесін анықтайтын жалғыз фактор емес. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі салыстырмалы түрде жоғары және төмен өңірлерде даму тұзағының индексі бойынша тәуекел деңгейі жоғары. Мәселен, Маңғыстау облысы жан басына шаққандағы ЖӨӨ мәні жоғары өңір болғанына қарамастан, экономикалық тоқырауға немесе құлдырауға өту қаупі жоғары өңірлер тобына кіреді. 
Тіпті Алматы мен Астананың өзінде де соңғы жиырма жылда өсімнің баяулау үрдісі байқалады. 

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі төмен кейбір өңірлер де тұзаққа түсу қаупіне ұшырайды. Мысалы, Түркістан және Қызылорда облыстарында даму тұзағына түсу қаупі жоғары.

Өңірлік даму проблемаларының шешімдерін әзірлеу оңай міндет емес. Кеңістіктік теңсіздікті азайту саясаттың кең ауқымын қамтитын келісілген, жалпымемлекеттік күш-жігерді қажет етеді. Өтемақы және қайта бөлу шаралары мен «табыстыдан» «артта қалушыларға» трансферттер арқылы өңірлік теңсіздік мәселесін қарапайым шешу неғұрлым теңдестірілген ұлттық экономикалық экожүйені құру үшін жеткіліксіз болады. 

Тиімділік пен әділеттілікті ескеретін саяси шаралардың балама нұсқалары аумақтардың артта қалу себептерімен күресу үшін ең қолайлы және сонымен бірге әр аумақтың әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың ішінде өңірлердің ерекшеліктерін ескеретін саясат әр аумақтың экономикалық дамуына ықпал етіп, жергілікті тұрғындар үшін көбірек мүмкіндіктер туғызады. 

Саясаттың бұл түрі өңірлік даму стратегияларын әзірлеуге әмбебап тәсілдерді қолданудан бас тартады және шектеулі экономикалық динамиканың нәтижесінде өңірлер кіре алатын «тұзақ» күйін жеңу үшін пайдалы болуы мүмкін.



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!