23.05.2023
Қайырымдылық әлеуметтік жетілу мен қоғамның жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Егер әлеуметтік қолдау халық алдында міндетті мемлекеттік функция ретінде қабылданса, онда қайырымдылық адамдар мен ұйымдардың ерікті қимылы ретінде қарастырылады. Сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылық қызметінің деңгейі көбінесе елдің даму деңгейін анықтайды.
Кестеде Дүниежүзілік қайырымдылық индексінің нәтижелері келтірілген. Индекс нәтижелері бойынша Қазақстанда қайырымдылық мақсаттарды іске асыратын халықтың үлесі 2022 жылы (2021 жылмен салыстырғанда) ұлғайды. Бұл рейтингтегі көрсеткіш бойынша позицияларды 14 тармаққа жақсартуға және жалпы рейтингте 98 орыннан 93 орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Анықтамалық: Дүниежүзілік қайырымдылық индексіне сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 119 елінің ішінен 93-ші орынды иеленді (ақпарат көзі) игі істер саласында жақсартуларды байқатып, рейтингте 5 орынға көтерілді (2021 жылдың қорытындысы бойынша 114 елдің ішінен 98-ші орын) (ақпарат көзі). Дүниежүзілік қайырымдылық индексі (World Giving Index) – әлем елдерінің халықтың қайырымдылыққа қатынасы тұрғысынан жетістіктерін өлшейтін біріктірілген көрсеткіш. Елдер бойынша қайырымдылық деңгейін өлшеу 2010 жылы Ұлыбританияда тіркелген Charities Aid Formation халықаралық қайырымдылық ұйымының бастамасымен басталды және үнемі өткізіліп тұрады. Рейтингтің негізі Гэллап институтының (Gallup) әдіснамасы бойынша қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелері болып табылады.
Сауалнама халық арасында жүргізіледі және келесі мәселелерді қамтиды:
- көмекке мұқтаж бейтаныс адамға көмек көрсету;
- қайырымдылық мақсаттарға ақшалай беру;
- көмек көрсетуге ерікті түрде жұмсалған уақыт мөлшері.
Рейтинг шеңберіндегі зерттеу сонымен қатар ел халқының қайырымдылық және еріктілер қызметіне қатынасын анықтайды және көмектің басқа түрлерін бағалайды. Ел рейтингте неғұрлым жоғары болса, ондағы адамдар саны соғұрлым көп қайырымдылық жұмыстарымен айналысады және қайырымдылық жасауға деген ұмтылыс соғұрлым жоғары деген сөз.
Қазақстанда денсаулық сақтау, әлеуметтік және заңгерлік қолдау, мәдениет және білім беру, балаларға, қарттарға, аз қамтылған отбасыларға, жануарларға және т. б. көмек көрсету салаларында қайырымдылық жобалары іске асырылуда.
Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытуға мыналар ықпал етеді:
- қайырымдылық ұйымдарының қызметін анықтайтын нормативтік-құқықтық өріс құру;
- қайырымдылық ұйымдарының жұмыс істеуі үшін ерекше жағдайлар жасау;
- қайырымдылық ұйымдарының ресурстық базасын қалыптастыруға мемлекеттің қатысу тетіктерін енгізу.
Қайырымдылық ұйымдарының қызметі міндетті түрде жарғылық мақсаттарға сәйкес келуі және алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Қайырымдылық көмек көрсететін кәсіпорындар үшін Салық кодексінде салық салынатын кірісті азайту құқығы қарастырылған. Қызметті қаржыландыру негізінен халық пен компаниялардың қайырымдылықтары есебінен қамтамасыз етіледі. Кейде қайырымдылық қорларын құрылтайшылардың өздері қаржыландырады.
2022 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Қордың қызметі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған. Қайырымдылыққа квазимемлекеттік сектор компаниялары да қатысады. Мысалы, «Самұрық-Қазына» қайырымдылық жобаларын бірыңғай оператор – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырады.
Алайда, елдегі қайырымдылық қызметін дамытудағы оң өзгерістерге қарамастан, халық қайырымдылыққа сенімсіздікпен қарайды. Бұл көбінесе адамдар қаражаттың белгіленген мақсаттарға жұмсалатынына сенімді емес екендігіне байланысты. Өз қызметінің сенімін арттыру және «ашықтығын» қамтамасыз ету үшін көптеген қайырымдылық қорлары мен ұйымдары өздерінің Интернет желісіндегі ресми web-сайттарда қаржылық қызмет туралы есептерді тұрақты негізде орналастырады.
Сондай-ақ, «Egov.kz» сайтында халықты ақпараттандыру үшін қайырымдылық ұйымдарының тізімі орналастырылған. Бүгінгі таңда 41 қайырымдылық қоры туралы ақпарат орналастырылған. Әр қордың өз нысаналы аудиториясы бар, ол үшін қайырымдылық көмек жүзеге асырылады, бірақ олардың барлығын жақсылық жасауға деген ұмтылыс біріктіреді.
Барлық мақалалар