30.05.2023
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің 2023 жылғы 26 мамырдағы кезекті отырысында базалық мөлшерлемені 16,75 проценттік тармақ деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды.
Өтімділікті беру бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 17,75% деңгейінде, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша – 15,75% қалыптасты.
Бұрын күткендей, 2023 жылдың сәуір айында жылдық инфляция 16,8%-ке дейін төмендеді (2023 жылдың наурыз айында 18,1%). Осы жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда тұтыну бағаларының жылдық индексінің 1,3 п.т.-ға қалыптасқан қысқаруы көбінесе «өткен жылдың жоғары базасының» техникалық әсерімен, тауарларды жеткізудің баламалы тізбектерін пайдаланудың кеңеюімен және 2022 жылдың басындағы баға өзгерістерінің басылуымен түсіндіріледі
Сыртқы әлем тарапынан проинфляциялық қысымның төмендеуі, атап айтқанда Қазақстанның негізгі әріптес елдерінде бағаның өсуінің баяулауы байқалады. Мысалы, Ресей Федерациясындағы инфляция 2023 жылдың қаңтар айында 11,76%-тен сәуір айында 2,3%-ке дейін баяулады. Әлемдегі инфляцияның баяулауының негізгі себебі энергия көздері мен азық түлік бағасының төмендеуі болып табылады.
Осылайша, Қазақстанда жылдық мәнде келесі баға динамикасы байқалады:
- азық-түлік тауарлар – 17,9% (- 2,6%, өткен аймен салыстырғанда);
- азық-түлік емес тауарлар – 18,2% (+ 0,1%, өткен аймен салыстырғанда);
- ақылы қызметтер – 13,7% (- 0,7%, өткен аймен салыстырғанда).
Кестеден көріп отырғанымыздай, Ұлттық банк 6 ай қатарынан базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтай отыр.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2023 жылдың 5 шілде айында жарияланады.
ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтауы әбден мүмкін, өйткені реттеуші өз релизінде Қазақстанда жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) бағалардың өсуі және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге (ТКҚ) тарифтердің күтілетін өсуі жақтан проинфляциялық қысым сақталатынын хабарлайды.
Барлық мақалалар