Қазақстандағы еңбек нарығының икемділігі артып келеді

01.06.2023

Икемді еңбек нарығы жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынастың әр түрлі нысандарын дамытуды көздейді, өндіріс шығындарын оңтайландыруға, экономикалық қызметтің кірістілігін арттыруға және халықты жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін қолдауға мүмкіндік береді. 

Жалдамалы жұмысшы позициясынан еңбек нарығының икемділігі – бұл жеке қажеттіліктерге сәйкес жеке жұмыспен қамту параметрлерін реттеу мүмкіндіктерін қалыптастыратын механизм. Осылайша, еңбек нарығының икемділігі неғұрлым жоғары болса, жұмыспен қамту соғұрлым жоғары болады.

Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар саны тұрақты оң динамикаға ие.



Соңғы 5 жылда жұмыспен қамтылғандар саны 3,4 пайыздық тармаққа өсті. Жұмыспен қамтылғандар арасында бірнеше жұмысты біріктіру, икемді кесте бойынша жұмыс, үйде жұмыс істеу мүмкіндігі сияқты жұмыспен қамту нысандары бар.



Бұл кестелер жұмыспен қамтылғандар арасында жұмыспен қамтудың икемді түрлеріне сұраныс бар екенін және Әлеуметтік кодекс шеңберінде жаңа еңбек режимдерін енгізу уақтылы және өзекті болып табылатынын көрсетеді.

Еңбектің қандай жаңа нысандары ұсынылады?
  • Бірлескен жұмыс – бір жұмыс функциясын бірлесіп орындау үшін жұмыс берушінің бірнеше (әдетте екі) жұмысшыны қабылдауы. Жұмыспен қамтудың бұл нысанын жасына, денсаулық жағдайына, балалардың болуына байланысты толық жұмыс күні жұмыс істей алмайтындар пайдалана алады. Жұмыс берушілер өздері үшін өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
  • Жылжымалы жұмыс кестесі – аптаның әртүрлі күндерінде ауысымның әртүрлі ұзақтығы қамтылған жұмыс. Жұмыспен қамтудың бұл нысанына көлемнің біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету үшін жекелеген ұйымдар (сауда орталықтары, қоғамдық тамақтандыру орындары және басқалар) қызығушылық танытуы мүмкін;
  • Төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының кезектесуі. Бұл қызметкердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің келісімі бойынша белгіленетін режим. Бұл режим қызметкерге жұмыс міндеттерін жеке және отбасылық қажеттіліктермен үйлестіруге мүмкіндік береді және сәйкесінше еңбек жағдайларына қанағаттануды арттырады;
  • Платформалық жұмыспен қамту – бұл қарқынды дамып келе жатқан икемді жұмыс форматы. Платформалық жұмыспен қамтудың артықшылығы жұмыспен қамту түрлерін, жұмыс уақытының икемділігін, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін біріктіру мүмкіндігінде.

Осылайша, жұмысшылар үшін еңбек қатынастарының икемді нысандарын енгізу және дамыту олардың қажеттіліктеріне сәйкес жұмыспен қамту нысандарын таңдаудағы еркіндік деңгейін кеңейтеді, ал жұмыс берушілер үшін экономикалық көрсеткіштерді жақсартады.
 
Өмір сапасы орталығының жетекші сарапшысы - Бектілеева Дина



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!