01.06.2023
ТКШ, көлік және коммуникация, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметіне мемлекеттік бюджеттен соңғы 5 жылда орта есеппен ЖІӨ-нің 1,4%-і жұмсалады.
2018-2022 жылдары ТКШ–ға мемлекеттік бюджеттің шығыстары ЖІӨ-нің орта есеппен 1,5%-і, көлік пен коммуникацияға - ЖІӨ-нің шамамен 1,4%-і, қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметіне - ЖІӨ-нің орта есеппен 1,3%-і құрады.
Салыстырмалы түрде алғанда, 2022 жылы ТКШ-ға мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2018 жылмен салыстырғанда 74,3%-ке ұлғайды және 1,31 трлн. теңге (барлық шығыстардың 6,1%), көлік пен коммуникацияға – 63,3%-ке, 1,36 трлн. теңге (барлық шығыстардың 6,3%), қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметіне – 67,0%-ке, 1,33 трлн. теңге (барлық шығыстардың 6,2%) құрады.
Айта кету керек, ТКШ, көлік және коммуникация, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметі соңғы 5 жылда жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады - орта есеппен 99,5%-ке, 58,1%-ке және 20,4%-ке тиісінше. Жергілікті бюджеттердің берілген шығыстары 2018-2022 жылдары 2 есе жуық ұлғайды және орта есеппен 1,1 млрд. теңгені, 0,6 млрд. теңгені және 0,2 млрд. теңгені тиісінше құрады.
ТКШ-ға, көлік және коммуникацияға, қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметіне жергілікті бюджеттер шығыстарының ең көп үлесі тіркелген өңірлерге Түркістан облысы (2018-2022 жылдары орта есеппен 10,0%, 7,5% және 7,2% тиісінше), Алматы қаласы (орта есеппен 11,8%, 12,5% және 10,7% тиісінше) және Астана қаласы (орта есеппен 12,9%, 11,8% және 8,2% тиісінше).
ТКШ-ға, көлік және коммуникацияға, қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметіне жергілікті бюджеттер шығыстарының ең аз үлесі байқалатын өңірлердің бірі Батыс Қазақстан облысы болып табылады (2018-2022 жылдары орта есеппен 3,3%, 3,9% және 3,4% тиісінше).
Барлық мақалалар