02.06.2023
Қытай автомобиль өнеркәсібі сатылымдар бойынша қарқын алып, әлемдегі жетекші орындарға шығуда.
«Jato», «LMC Automotive», «Focus2move» халықаралық компанияларының талдамалық есептеріне сәйкес, 2022 жылы әлемде 78,4 млн. жаңа жеңіл және жеңіл-коммерциялық (LCV) автомобильдер сатылды. 2022 жылы Қытайда автомобильдердің жалпы сатылым көлемі шамамен 27 млн. бірлікті құрады. Осылайша, әлемдік сатылымдардың төрттен бірін бақылайтын Қытай әлемдегі ең ірі автомобиль нарығы болып қала береді.
Ағымдағы жылы қытайлық автомобиль өнеркәсібі кеңеюін жалғастыруда. Сәуір айындағы мәліметтер бойынша қытай автомобильдерінің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,7%-ке өсіп, 2,16 млн. бірлікке жетті. Автокөлік сатылымы бірнеше себептерге байланысты өсті. Айта кету керек, бұл өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда төмен база, ол кезде ел COVID-19 пандемиясына байланысты локдаун жағдайы болды.
Сондай-ақ, баламалы энергия көздерінде автомобиль сатылымының өсуі байқалады (+10%). Қытай автомобиль жасаушылар қауымдастығының (CAAM) мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың алғашқы төрт айында автомобильдердің жалпы сатылымы 7,1%-ке өсті, ал баламалы энергия көздерінде автомобильдер сатылымы 42,8%-ке өсті.
Қазақстандық нарықта қытай автомобильдерінің үлесі артып келеді. Қытайлық автомобильдерге деген күмән жоғалып, қытайлық өндірушілерге деген сенім артып келеді. Сонымен қатар, неғұрлым тартымды баға және технологиялық толықтыру қытай брендінің автосын халық үшін қол жетімдірек және қолайлы етеді.
АМААР мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанның жеңіл автомобильдер нарығында сегіз қытайлық брендтер ұсынылған: Geely, Chery, Changan, Exeed, Haval, JAC, Jetour және FAW. 2022 жылдың қорытындысы бойынша олардың жаңа автомобильдерді сатудағы жиынтық үлесі 9,5% құрады.
Назигүл Жанақова, Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшысы
Барлық мақалалар