08.06.2023
Мемлекеттік бюджеттен шығыстардың ең азы өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне, сондай-ақ отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға жұмсалады – 2018-2022 жылдары тиісінше ЖІӨ-нің орта есеппен 0,1% және ЖІӨ-нің 0,2%
Соңғы 5 жылда Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне жұмсалған шығыстары іс жүзінде 3 есеге ұлғайды: 2018 жылғы 0,04 трлн теңгеден 2022 жылы 0,11 трлн теңгеге дейін (2018-2022 жылдардағы барлық шығыстардың орта есеппен 0,5%).
Өз кезегінде, отын-энергетика кешеніне (ОЭК) және жер қойнауын пайдалануға арналған мемлекеттік бюджет шығыстары 2 есеге жуық өсті: 2018 жылғы 0,13 трлн теңгеден 2022 жылы 0,23 трлн теңгеге дейін (2018-2022 жылдардағы барлық шығыстардың орта есеппен 1,0%).
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, сондай-ақ ОЭК және жер қойнауын пайдалану негізінен жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатынын атап кеткен жөн - 2018-2022 жылдары тиісінше орта есеппен 73,0% (орта есеппен 0,05 трлн теңге) және 90,9% (орта есеппен 0,15 трлн теңге).
Өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне, сондай-ақ ОЭК пен жер қойнауын пайдалануға арналған жергілікті бюджеттерде шығыстардың ең көп үлесі байқалатын өңірлер арасында Түркістан облысы (2018-2022 жылдары тиісінше орта есеппен 19,2% және 15,7%) және Алматы қаласы (тиісінше орта есеппен 16,0% және 7,8%) атап өтіледі.
Осы бағыттарға жергілікті бюджеттер шығыстарының ең аз үлесі тіркелген өңірлердің бірі Батыс Қазақстан (2018-2022 жылдары тиісінше орта есеппен 1,8% және 0,5%), Павлодар (тиісінше орта есеппен 1,9% және 3,4%), Шығыс Қазақстан (тиісінше орта есеппен 2,6% және 1,8%), Солтүстік Қазақстан (тиісінше орта есеппен 2,6% және 1,8%), Солтүстік Қазақстан (тиісінше орта есеппен 2,8% және 0,1%), Атырау (тиісінше орта есеппен 3,8% және 1,8%) және Қарағанды (тиісінше орта есеппен 3,8% және 3,3%) облыстары.
Эльмира Осипова, Фискалдық саясат орталығының жетекші сарапшысы
Барлық мақалалар