Әлемде жалақы түрлері қандай?

12.06.2023

Біз неғұрлым көп ақша тапсақ, соғұрлым көп ақша жұмсаймыз – формула қарапайым сияқты, бірақ кейде ақшаның қайда «кететінін» қадағалау өте қиын. 

Біз табыстың өсуімен өмір сүру сапасын да жақсартқымыз келеді: азық-түліктен киімге дейін, бұл ретте үлкен сатып алулар саны өзгеріссіз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, жалақының әрбір жаңа өсімі эндорфиндердің тәуелді өсуін тудырады. Осылайша біз көбірек алуға дағдыланамыз және қазіргі қолда бар деңгейге онша көңіліміз тола бермейді.

Жоғары жалақы өмірге қанағаттануды арттырады ма? Жоқ!
Ноттенген университеті жүргізген және 2020 жылы жарияланған зерттеуге Германия мен Ұлыбританияда тоғыз жыл ішінде 18 000-нан астам адам қатысты. Олардан табыс деңгейі және өмірлеріне қаншалықты қанағаттанатындығы сұралды. Нәтижелерге сәйкес, жалақысы жоғары адамдар әлдеқайда аз жалақы алатындарға қарағанда өз өмірлеріне қанағаттанушылық білдіру ықтималдығы аз болды.


Халықаралық бақыт индексінің (Happy Planet Index - HPI) мәліметтеріне сәйкес ең жоғары жалақы АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония азаматтарында байқалады.

Еуропада орташа жалақы елге және оның экономикасына байланысты. Мысалы, Швециядағы немесе Даниядағы инженердің жалақысы ұқсас мамандықтағы Польша немесе Словениядағыдан екі есе көп болуы мүмкін. Скандинавия елдерінің тұрғындары Еуропадағы ең жоғары жалақыға ие. Дегенмен, бұл елдердегі өмір сүру құнын ескере отырып, азық-түлік, баспана және көлік бағасы салыстырмалы түрде жоғары. Осылайша, пайызбен есептегенде, жалақы сомасы қаншалықты көп болса, шығын көлемі де сәйкесінше жоғары.
 
ЕО-ның әрбір елінде қызмет көрсетуші персонал, толық емес жұмыс күніндегі студенттер және фабрикалар мен зауыттардың қызметкерлері ала алатын ең төменгі жалақы мөлшері анықталған. Жоғары білікті мамандардың Еуропада көбірек табыс табу мүмкіндіктері мол (жылына): дәрігерлер - 50 000€, инженерлер - 40 000€, менеджерлер - 35 000€, банк қызметкерлері  -30 000€.

Аустралияда күнкөріс минимумы салыстырмалы түрде жоғары, мысалы, тұрғын үйді жалға алу және бір айға азық-түлік сатып алу үшін кем дегенде 2000 доллар табу керек. Сәйкесінше Аустралияда жалақы мөлшері де жоғары, олар үшін  айына 3 000 – 4 000 доллар табу қалыпты жағдай.

Америка Құрама Штаттары мен Канада жалақы мен өмір сүру деңгейі тұрғысынан ұқсас. Еуропа елдерімен салыстырғанда жалақы мен бос жұмыс орындарының қолжетімділігі көбінесе қала мен аймаққа байланысты. 2023 жылы АҚШ пен Канададағы ең жоғары жалақы алатын мамандықтар (салық төлеуге дейін): дәрігер –  195 000$, фармацевт – 127 000$, сәулетші –115 000$, бағдарламалық жасақтама немесе жабдық әзірлеуші – 100 000$, бағдарламашы – 95 000$ болып саналады (жылына).

Латын Америкасы елдерінде өмір сүру құны өте төмен – қарапайым отбасы үшін пәтерді жалдау мен азық-түлік  үшін айына шамамен 400-600$  қажет. Бразилия, Мексика, Куба жоғарыда аталған елдерден өзгеше. Мұнда жалақы көлемі екі-үш есе аз. Қызмет көрсету саласындағы жұмыс арзан бағаланады, ал өмір сүруге жеткілікті ақша табу үшін күніне кемінде 10-12 сағат жұмыс істеу керек.

Латын Америкасы елдерінде Еуропа, Канада және АҚШ-тан айырмашылығы табысқа салынатын салық аз. Мысалы, Бразилияда табысқа салынатын жоғарғы деңгейдегі салық - 27%, ал Мексикада - 30% құрайды. Азия елдерінде жалақы айына 120$-дан (Бангладеште) 3000 $ дейін (Жапонияда, Гонконгта) өзгеріп тұрады. Көптеген елдерде төмен жалақы ел экономикасының төмен деңгейімен түсіндіріледі. Сондықтан азиялықтардың өздері жұмыс тауып, тіпті Еуропаға көшіп кетуге тырысады. 

Маусымдық жұмыс, жалақының төмендігіне байланысты шетелдіктерді де тартпайды - мысалы, Еуропадағы үш айлық жұмыста Азиядағы алты айлық жұмыстан гөрі көп ақша табуға болады. Дегенмен білікті мамандар Қытайда, Жапонияда, Сингапур мен Малайзияда лайықты жұмыс таба алады.

Осылайша, қаншалықты көп ақша тапсаңыз да бұл сіздің бақытыңыздың кепілі емес екенін анық түсінеміз. Кейде айлығыңызға қарап отырып тағы бір нөл қосылса барлық тығырықтан шығып кете аламын деп ойлайтын шығарсыз. Дегенмен бұл өз табысыңызға көңіліңіз толмайтын шексіз циклге айналуы мүмкін.

Долорес Тюлебекова, Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры 



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 10.06.2023





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!