14.06.2023
2023 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 7 515 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 926 млрд. теңгеге немесе 14,1%-ке артық.
Бюджет кірістерінің өсуіне ең үлкен үлес 1 048 млрд. теңгеге немесе 21,3%-ке өскен салық түсімдері болды.
Республикалық бюджетке трансферттер түсімдері 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120 млрд. теңгеге немесе 8,1% төмендеді.
Салық түсімдерінің құрылымында ең үлкен өсім ҚҚС кірістерінде байқалады. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚҚС түсімдері 395,7 млрд.теңгеге (32%) өсті. ҚР-да өндірілген тауарларға ҚҚС 20,6%-ке (+114,4 млрд. теңге) ұлғайды. Импорттың өсуі елге тауарлар импортынан салықтардың 40,9%-ке (+279,2 млрд. теңге) өсуіне ықпал етті.
Салық түсімдерінің өсуіне қосымша серпін КТС-тан кірістер берді - өсім 249,9 млрд. теңге (15,7%) және ЖТС – 136,1 млрд. теңге немесе
26,4% құрады.
Бұл ретте бюджеттің мұнай кірістері төмендеуде. Шикі мұнайға кедендік алымдар 82,9 млрд. теңгеге немесе 14,1%-ке төмендеді. Бұл факт жоғары базаның әсерінен туындаған. Сонымен, өткен жылдың сәуір айында BRENT маркалы мұнайдың бағасы 104,6 АҚШ долларын құрады, ал 2023 жылдың сәуір айында бір баррельге 84,6 АҚШ долларына дейін төмендеді. Дегенмен, ОПЕК+ соңғы кездесуінде қабылданған мұнай өндіруді қысқарту туралы шешім мұнай бағасының динамикасына және сәйкесінше салық түсімдеріне оң әсер етуі мүмкін.
Осылайша, мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері оң трендте қалыптасуда. Орта мерзімді кезеңде, салық кірістер жаңа Салық кодексін қабылдау және тиімдірек салық салу арқылы да өсуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы
2023 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет теңгерімі тапшылықта қалыптасты – 531,9 млрд.теңге (ЖІӨ-ге 2,3%), ал мұнай емес тапшылық - 2 411,4 млрд. теңгеге (ЖІӨ-ге 10,3%).
Ескерту: 2023 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ 23 494,9 млрд. теңге деңгейінде бағаланып қалыптасты.
Көпбаев Әлім - Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының жетекші сарапшысы
Барлық мақалалар