15.06.2023
ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында ипотекалық кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 10,5% -ті құрап 2018 жылғы деңгейге оралды. Ставкалардың өсуі жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың төмендеуіне байланысты, олардың ішіндегі ең танымалы 7-20-25 болды.
Сонымен қатар, ставкалардың өсуіне қарамастан, ЕДБ ипотекалық портфелінің көлемі өсуді жалғастыруда, бірақ аз қарқынмен.
Ипотека мөлшерлемесі тұрғын үйге бағалармен бірге ипотека төлемдерінің мөлшеріне әсер етеді. Тиісінше, ипотекалық мөлшерлемелердің өсуімен бірге ипотекалық төлемдердің отбасылардың/үйлердің табыстарына қатынасы артады.
ҚР СЖжРА ҰСБ деректері бойынша 2022 жылдың 4-тоқсанында отбасының орташа табысы 864 771 теңгені, ал бастапқы нарықта ауданы 54 ш.м. пәтердің орташа бағасы 23,5 млн теңгені құрады. Бастапқы жарнаның 20%, 20 жыл мерзімді және ипотека бойынша орташа мөлшерлеменің 9,3% екенін негізге ала отырып, ай сайынғы төлем 172 586 теңгені құрайды. Тоқсан бойынша есептегенде бұл отбасының тоқсан сайынғы табысынан шамамен 60%-не тең (ай сайынғы төлем*3/отбасы табысы). Бұл көрсеткіш соңғы 4,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылатынын атап кеткен жөн.
Осылайша, нарықта тұрғын үйдің қолжетімділігі төмендейді. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында халықтың табысын ұлғайту үшін жағдай жасау қажет, өйткені жеңілдікті бағдарламалар бағаны жоғарылатып өз мақсатына жете алмайды.
Темірбаев Бауыржан Хасенұлы - Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығы директорының орынбасары
Барлық мақалалар