15.06.2023
2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттен ЖІӨ-нің орта есеппен 1%-тен аз мөлшері ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына, сондай-ақ мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке жұмсалады.
Біздің еліміздегі ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына мемлекеттік бюджеттің шығыстары соңғы 5 жылда ЖІӨ-нің орта есеппен 0,9%-ін мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке ЖІӨ-нің орта есеппен 0,7%-ін құрады.
Бұл шығыстардың жыл сайынғы өсу үрдісін атап өткен жөн. Мәселен, егер 2018 жылы ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына арналған мемлекеттік бюджет шығыстары 0,50 трлн. теңгені құраса (барлық шығыстардың 4,4%), 5 жыл ішінде олар 62,7%-ке ұлғайды (0,82 трлн. теңге, 2022 жылғы барлық шығыстардың 3,8%). Мемлекеттік бюджеттің мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке жұмсаған шығыстары 5 жыл ішінде 53,6%-ке 2018 жылғы 0,45 трлн. теңгеден (барлық шығыстардың 4,0%) 2022 жылы 0,69 трлн.теңгеге дейін өсті (барлық шығыстардың 3,2%).
Қазақстанның ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына, сондай-ақ мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке 2018-2022 жылдардағы мемлекеттік бюджетінің шығыстары
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары, сондай-ақ мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік жергілікті бюджеттерден 70%-ке қаржыландырылады.
Мәселен, ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына жергілікті бюджеттердің шығыстары 2018-2022 жылдары орта есеппен 0,49 трлн.теңгені құрады (2018 жылы 0,31 трлн. теңге, 2019 жылы 0,43 трлн. теңге, 2020 жылы 0,52 трлн. теңге, 2021 жылы 0,56 трлн. теңге, 2022 жылы 0,63 трлн. теңге). Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке жергілікті бюджеттердің шығындары орта есеппен 0,37 трлн. теңгені құрады (2018 жылы 0,30 трлн. теңге, 2019 жылы 0,32 трлн. теңге, 2020 жылы 0,36 трлн.теңге, 2021 жылы 0,37 трлн. теңге, 2022 жылы 0,50 трлн. теңге).
Өңірлік бөліністе осы бағыттар бойынша жергілікті бюджеттердегі шығыстардың ең көп үлесіне Алматы (2018-2022 жылдары орта есеппен 11,5% және сәйкесінше 7,1%), Түркістан (орта есеппен 10,3% және сәйкесінше 9,8%) және Шығыс Қазақстан (орта есеппен 7,9% және сәйкесінше 8,1%) облыстары, ең аз үлесіне Маңғыстау облысы (орта есеппен 1,0% және сәйкесінше 2,8%) ие.
Барлық мақалалар