Қытайлық экономика баяу қалпына келеді деген тезис расталады: өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайдасы азаюда

16.06.2023

Қытай елдің ірі қалаларында үш жылға жуық қатаң карантиндік шаралардан кейін барлық ковид шектеулерін алып тастағаннан кейін Қытай экономикасы тез қалпына келеді деп болжанған. 

Дегенмен, үстіміздегі жылдың сәуір айында көптеген макрокөрсеткіштер белгілі бір өсімге қарамастан, консенсус болжамынан төмен болды - әсіресе өнеркәсіптік өндіріс көлемі, бөлшек сауда, инвестициялық көрсеткіштер.

Сәуір айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқыны 5,6% – нарық болажамынан шамамен екі есе аз болды (болжам: 9,8%).

Сәуір айындағы бөлшек сауданың өсу қарқыны, бір қарағанда, 18,4%-ке дейін (а.ж. наурыз айында 10,6%) күрт жеделдеді, бірақ бұл бір жыл бұрынғы көктем айларындағы төмен базаның әсеріне ғана байланысты. Бөлшек сауда көлемі де болжамды күтулерден 19,5% төмен болып қалыптасты.

Сәуір айында негізгі капиталға салынған инвестициялар болжамнан төмен болып (5,1%) 4,7% құрады.

Мұндай баяулау сәуір айының қорытындысы бойынша 20,6%-ке түскен өнеркәсіптік кәсіпорындар пайдасының нәтижелеріне әсер етті. Бұл ретте, пайда мемлекеттік кәсіпорындарда да (-17,9%), сондай-ақ жеке секторда да (-22,5%) азайды.

Осылайша, Қытай экономикасы күтілгеннен баяу қалпына келеді, бұл ең алдымен ішкі сұраныстың әлсіздігінен. Ел халқы үлкен соманы жұмсауға дайын емес және қысқа мерзімді шығындармен шектеледі - карантин кезінде халық ақша жинауға және жұмсамауға әдеттенген.

Геосаяси шиеленіс Қытай экономикасының қалпына келуіне де кері әсерін тигізеді. Экспорттық жеткізілімдердің баяулауы (наурызда 14,8%-тен сәуірде 8,5%-ке дейін) және импорттық жеткізілімдердің сәуірде -7,9%-ке дейін наурызда -1,4%-тен айтарлықтай төмендеуі Аспан асты елі экономикасының пайдасына келмейді.

Эксперт - Назигуль Жанакова



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 22.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!